Шартты жеңілдік есебіндегі өзгерістер

8
Шартты жеңілдік есебіндегі өзгерістер
Бас мердігер және қосалқы мердігер ретіндегі әлеуетті өнім берушілердің шартты жеңілдік есебі бойынша қағидаларға өзгерістер енгізілді.

2017 жылдың 15 маусымында ҚР Қаржы министрінің № 384 бұйрығымен ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Осылайша, соңғы өзгерістерге сәйкес Қағидалардың 155-тармағы жаңа редакцияда баяндалды:

«Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.

Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсер конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес анықталады».

Ескі редакцияда жұмыс тәжірибесі үшін бас мердігерлерге де, қосалқы мердігерлерге де бірдей шартты жеңілдіктер тағайындалған: сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін 1 % мөлшерінде. Енгізілген өзгерістер әділ есептеу мақсатында қажет.

Конкурс нысанасы

Талап етілетін құжаттар

Жаңа объектілер салу;

қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу

Объектілерді пайдалануға қабылдап алу және орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері

(егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер болса, орындалған жұмыстарды қабылдап алу және объектіні пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелерін немесе осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілетін құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы жөніндегі қорытындыны ұсынады )

Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

Сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі

Құрылыспен байланысты емес жұмыстардың өзге түрлері

Орындалған жұмыстардың актілерінің электрондық көшірмелері

Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді

Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса, жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі.

Егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі.

Құрылыс саласында жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс объектілерінің функционалдық тағайындауы мен салалық жатқызылуы (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы мен осы тектестігі) және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі.

Шарт бойынша бір жылдан астам мерзімдегі жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылысты аяқтау жылы есепке алынады.

Материалдық ресурстары болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жататын құрылыс машиналарына, тетіктер мен автокөлік құралдарына ғана қолданылады.

Егер конкурстың мәні құрылыс, кеңейту, техникалық қайта қарулану, бар объектілерді жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, сондай-ақ жобалау болып табылса, еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін беру туралы талап онда тұрақты түрде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерге ғана қолданылады.

Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің штатында аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкердің болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген біліктілік аттестатының электрондық көшірмесі болып табылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль