Жобалау және жобалау-сметалық құжаттамасы ұғымдары

7
Жобалау және жобалау-сметалық құжаттамасы ұғымдары
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Белгіленген тәртіппен жобалау құжаттамасында бекітілмеген құрылыс салуға жол берілмейді, құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленуге тиіс.

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 60-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларынсыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:

  • сейсмикалық қауiптілігi жоғары немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалық шешімдер мен іс–шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда құрылыс салуды қоспағанда, жеке тұрғын үйлер салуды;
  • өз билiгіндегі үй жанындағы учаскелерде немесе бау–бақша серiктестiктерiнiң учаскелерiнде уақытша құрылыстар, сондай–ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшiн тұрғын және (немесе) шаруашылық–тұрмыстық үй–жайлар тұрғызуды;
  • қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды қандай да бір өзгертуге байланысты емес, сәулеттік–эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларды нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй–жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
  • азаматтардың жеке пайдалануына арналған, техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыстарды өзгертудi жүзеге асыра алады.

Қалған жағдайларда объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

Бұл ретте осы бап 2013 жылдың желтоқсанында 1-1-тармағымен толықтырылды, оған сәйкес «Объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта бастау белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлген тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болған кезде ғана жүргізіледі».

Сондай-ақ  1.02-03-2011 ҚН 1.1-т. сәйкес,  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, белгіленген тәртіппен жобалау құжаттамасында бекітілмеген құрылыс салуға жол берілмейді. Демек, құрылыстың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленуге тиіс.

Жобалау және жобалау-сметалық құжаттама ұғымы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 1-бабында белгіленген. Осы Заңның 60-бабының 4-тармағына сәйкес  жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

Осындай нормативтік құжаттардың бірі  1.02-03-2011 ҚР ҚН «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық» болып табылады.

Нормативтік құрылыс ұзақтығы 24 айдан асатын тұрғын-үй азаматтық және өндірістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көлік және инженерлік коммуникациялар, басқа да тіршілікті қамтамасыз ету объектілері) бойынша жобалау барысында бастапқы берілген параметрлерді, сипаттамаларды, құрылымдық сызбаларды немесе жеке көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық және технологиялық жобалық шешімдерді дәлдеуді және нақтылауды қажет ететін құжаттама екі сатыда әзірленеді:

бірінші саты – жоба алдыңғы көрсеткіштер мен қорытындылардың негізінде ережеге сай әзірленген және белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жоба (Ж);

екінші саты – бірінші сатыда бекітілген жоба негізінде әзірленген жұмыс құжаттамасы (ЖҚ).

Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді көтеретін ең маңызды объектілер құрылысына қатысты және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын жоба бойынша жобалау құжаттамасы екі сатыда әзірленеді.

Жоғарыда аталған 1.02-03-2011 ҚР ҚН 5.5-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мердігерлік жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) жобалау тапсырмасымен бірге жобалау құжаттамасын әзірлеуге қажетті бастапқы материалдарды (деректерді) береді. Бастапқы материалдар мыналардан тұрады:

- жер телімдеріне, соның ішінде аумақты оның шегі және объектінің мақсатына қарай қолдану регламенттерін қоса алып, сәйкес құқықты беру туралы аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдардың шешімі;

- жобалауға және құрылысқа қажетті құрылыс алаңының инженерлік ізденістері туралы деректер (жер телімдерінің және коммуникация салынған трассалардың шегіндегі), қолданыстағы нормаларға сәйкес объектіні (кешенді) жобалау басталғанға дейін кемінде 36 айда (айрықша объектілер үшін кемінде 18 ай) орындалған жобалауға және құрылысқа қажетті топографиялық деректердің түсірілімдері мен геологиялық және гидрогеологиялық ізденістердің мәліметтерін қоса алғанда;

- жергілікті атқарушы органдардың болжамдалған аймақта құрылыс салудың тапсырысы бойынша, инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру қызметтерінің жеткізушілері берген инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттар;

- сәулет, қала құрылысы жөніндегі жергілікті (қалалық, аудандық) органдардың берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы, аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыруды қосқанда.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жобалау басталғаннан кейін күшіне енген жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтердің нормалары мен ережелері жобалау құжаттамасына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде көзделген жобалау жұмыстарындағы мердігерлік ерекшеліктерге сәйкес, тапсырыс беруші мен орындаушы (мердігер, бас жобалаушы) арасында жасалған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысты шарттың күшіне енген күні жобалаудың басталуы деп саналады.

Бұл ретте тапсырыс беруші мердігерге бекітілген жобалау тапсырмасын, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті басқа да бастапқы деректерді жіберуге тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль