Ұлттық компаниялардағы жариялылық

6 февраля 2015 522
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алу ережелері мен процесі және денсаулық сақтау саласындағы сатып алулар барынша жариялылықты талап етеді деп санайды, деп хабарлайды Жаңалықтар-Қазақстан ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева ұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алу ережелері мен процесі және денсаулық сақтау саласындағысатып алулар барынша жариялылықты талап етеді деп санайды, деп хабарлайды Жаңалықтар-Қазақстан ақпараттық агенттігі. "Маңызды мәселелердің бірі – мемлекеттік сатып алу туралы заңның қолданысынан алынып тасталған бағыттар. Ең алдымен бұл: медицина саласындағы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникаларды, фармацевтикалық қызмет көрсетулерді, жалпы алғанда барлық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сатып алу бағыты. Ең маңызды болып саналатын бюджет, қалай болғанда да аталған заң қолданысынан шығып қалған", – дедіДариға Назарбаева "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнама жобасын таныстыру барысында.Оның пікірінше, осы мәселе бойынша неғұрлым нақтырақ, атап айтқанда жауапкершілікті кім көтеретіні туралытүсініктемелер берілуі тиіс."Бұл арада мемлекеттік компаниялар, квазимемлекеттік секторлар туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілді. 2013 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 1,6 триллионды құрады. "Самұрық-Қазына" жүйесіндегі сатып алу көлемі – 3,5 триллион болды. Жалпы мемлекеттік бюджет – 7 триллионды құрады. Оның жартысына жуығы мемлекеттік бақылаудан тыс қалады деуге болады", – деп Назарбаева қарсылығын білдірді. Вице-спикер, 2008 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор ұйымдарының да "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның қолданысынан шығарылғанын еске салды. "Осыған дейінгі уақыт ішінде мемлекеттік компанияларда сатып алулар қалай жүзеге асырылып келгендігі туралы талдаужүргізу керек, қанша заң бұзушылықтар анықталды және олар неліктен орын алды? Сондай-ақ осындай бұзушылықтарды жою үшін үкімет не істеуді көздер отыр? – дегеді атап өтті Мәжіліс вице-спикері. 

Дереккөз: "Today.kz" сайты



Подписка на новости

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной новости, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно. Мы будем держать вас в курсе всех новостей и событий.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях