Аукциондағы «алғашқы адымдар»

13
Аукциондағы «алғашқы адымдар»
Жеңіске жету үшін бағаны қалай дұрыс төмендетуге болады? Бір аукционда қанша адым жасауға болады?

Аукционның түр-түрі бар, біздің елімізде аукцион саудасы ашық аукцион сызбасы бойынша өткізіледі, онда әлеуетті өнім берушілер басқа қатысушылардың бағаларын онлайн-режимде көре алады.

Аукцион бір лотқа жүргізіледі, бұл ретте аукцион мәні тауар болып табылады.  Тауар жеткізудің бірнеше орындары болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілген лотта тауар жеткізудің бірнеше орындарын көрсетуге жол беріледі.

Аукциондық құжаттамада (мемлекеттік сатып алуды басқа да тәсілдермен жүзеге асыру кезіндегі құжаттамадағыдай), негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін; тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындаған; тапсырыс берушінің қолында бар тауарды (құрал-жабдықты) жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге де сипаттамаларға, егер мұндай нұсқау сатып алынатын тауардың жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiлігiн айқындаған жағдайда, нұсқаулардың болуына жол берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР жаңа Заңына (бұдан әрі – Заң) және 2015 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы қаржы министрінің № 648 Бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, аукцион өткізу тәртібі жеңілдетілді. Көбінесе аукционды өткізу рәсімі үш кезеңнен екі кезеңге дейін қысқартылды. Бірінші кезеңде аукционға рұқсат алу мәселесі қарастырылады, екінші кезеңде аукционның өзі өткізіледі. Бұл ретте ең төмен баға ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Аукционды (сауданы) өткізу процесіндегі «адым» саны (баға ұсынысын беру) баға ұсынысын қабылдау уақытына (соңғы баға ұсынысы түскеннен кейінгі 30 минут + 10 минут), саудаға қатысушылар санына, аукцион адымдарының мөлшеріне (0,5-тен 5 %-ға дейін) және аукционға қатысушылардың әрбірі өзі үшін белгілеген ең төменгі ұйғарынды бағаға байланысты және сонымен шектеледі. Егер баға ұсынысын бергеннен кейін жүйеге аукционға басқа қатысушының неғұрлым төменгі мөлшерлемемен баға ұсынысы түскен жағдайда, өнім беруші белгіленген мерзімде өз мөлшерлемесін төмендете алады (аукцион адымы шегінде) және тағы да баға ұсынысын бере алады.

Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының бастапқы ең төмен бағасынан бастап, аукцион адымына баға туралы (баға ұсыныстары) ағымдағы ұсынысты төмендету жолымен өткізіледі. Мұнан шығатыны, өнім беруші өзінің ағымдағы баға ұсынысын төмендете алады (егер ол ең төменгі болмаған жағдайда), алайда ең төмен баға ұсынған қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастау керек.

Екінші өнім беруші бағаны төмендеткеннен кейін бірінші өнім беруші де аукцион адымы шегінде өз бағасын төмендете алады. Қатысушылар тауарды іске асырудың төменгі ұйғарынды бағасының деңгейіне жеткенше және/немесе уақыт біткенше осылай жалғаса береді. Демек, ең төменгі баға ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Заңның 34-бабының 7-тармағына сәйкес аукцион қатысушыларының баға ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ соңғы баға ұсынысы түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың ең төменгі бағасы туралы бірде-бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады. Сауда басталғаннан бастап 30 минут өткенде сіздің өз бағаңызды өзгерту және жаңа баға ұсынысын беру үшін 10 минутыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ мынаны есте ұстаған жөн: Қағидалардың 347-тармағына сәйкес аукцион веб-порталда аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және сол уақытта өткізіледі. Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады. Аукционның басталу уақыты Астана уақыты бойынша  18.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях