ЕАЭО: проблемалар және үрдістер

21
ЕАЭО: проблемалар және үрдістер
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Қазақстандық кәсіпкерлердің белгілі бір санаты ЕАЭО-ның басқа қатысушы елдеріндегі электрондық мемлекеттік сатып алу нарығына қашан шығатындарын жеткілікті түрде ұзақ уақыт күтіп келеді.

Көптеген проблемалардың сәтті шешілгені туралы бірқатар мәлімдемелерге қарамастан, бұл проблемалар жылдан жылға ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мемлекеттік сатып алу нарығын біріктіру жөніндегі мемлекеттердің болжамды нарығын ығыстырып келеді.

Алдымен Кеден одағы елдерінде, содан соң ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын құру ниеті бірнеше жыл бойы айтылып келе жатыр. 2014  жылдың өзінде-ақ бірқатар қазақстандық бейіндік ведомстволардың өкілдері біздің тарапымыздан бәрі дайын, тек одақ бойынша серіктестерді күтудеміз деп мәлімдегенімен,  шын мәнінде Ресей мен  Беларусь арасында бұл процесс 2013 жылдан бастап (интеграцияның жоғарыда көрсетілген бірінші кезеңі) бар қарқынмен жүріп жатыр. Қорытындысында дәл Қазақстанның кешігіп қалғаны байқалды.

Қазақстандық тараптың пікірі бойынша, біраз уақыт бұрын, ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электрондық алаңын іске қосудың басты кедергілерінің бірі  Ресей мен Беларусь арасында сатып алудың «қағаз нұсқада» жүргізілуі болды. Сатып алуды қағаз форматта жүзеге асыру оған басқа елдердің өнім берушілерінің қатысуын айтарлықтай шектейтіні белгілі. Конкурстық құжаттаманы алу және тапсырыс берушімен өзара әрекет жасау электрондық форматқа қарағанда қағаз жүзінде қиынырақ.

2012 жылдан бастап  Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың ең көбі электрондық нұсқада жүргізіліп келеді. ЕЭК мәліметтері бойынша, 2013 жылы үш елдегі электрондық сатып алудың үлесі 42 %-ды құрады. Олардың болжамы бойынша,  2015 жылы бұл көрсеткішті 60 %-ға дейін жеткізу жоспарланды.

Сондай-ақ Қазақстанның ұлттық режимді іске асыруға және бірыңғай мемлекеттік сатып алуға қатысуға дайын екені,  біздің ведомстволар Ресей мен Беларусьтағы әріптестерінің өз тарапынан бірыңғай электрондық алаңды дайындау бойынша жұмыстарды орындауын және ЭЦҚ-ны мойындауға қатысты мәселелерді шешуін ғана күтіп отырғаны айтылды.

Алайда біздің еліміз күтіп отырғанда,  ресейлік және белоруссиялық дереккөздерде екі елдің мемлекеттік сатып алу бизнесіне өзара белсенді түрде қатысқаны көрсетілді.  Осылайша, 2011 жылы Ресейде белорустық өнім берушілер 162,8 миллион рубль сомасына 131 келісімшарт жасасты, 2012 жылы 246 келісімшарт (214,7 миллион рубль), 2013 жылы – 206 келісімшарт (227,8 миллион рубль) жасалды.

Өз кезегінде ресейлік өнім берушілер де Беларусьте өткізілген сатып алуға белсене қатысты: 2011 жылы 396 компания конкурс жеңімпазы атанды (сатып алудың жалпы құны 40,5 миллион АҚШ долларын құрады), 2012 жылы – 589 компания (98,4 миллион АҚШ долларының сомасына), 2013 жылы – 630 компания (54,9 миллион АҚШ доллары) жеңімпаз болды.

Ресей мен Беларусьтегі  сатып алуларға қазақстандық кәсіпорындардың қатысуына келсек, 2015 жылғы жағдай бойынша, ЕЭК-те 2013-2014 жылдары Беларусьтегі мемлекеттік сатып алуға қазақстандық компаниялардың қатысқаны туралы мәліметтер ғана бар. Осы жылдар ішінде Өскемен мен Қостанайдың барлығы үш фирмасы жалпы сомасы 3,8 миллион АҚШ доллары болатын бес конкурста жеңіп шықты. Олар Беларуське керамикалық бұйымдар, бидай мен мырыш жеткізді.

Қазақстандық кәсіпкерлердің белгілі бір санаты ЕАЭО-ның басқа қатысушы елдеріндегі (бәрінен бұрын, Ресейдегі) электрондық мемлекеттік сатып алу нарығына қашан шығатындарын және олардың өнім берушілерімен тең дәрежеде  олардағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға қатысуды жеткілікті түрде ұзақ уақыт күтіп келеді. 

Бүгінгі таңдағы дерек бойынша, қазақстандық кәсіпорындар әлі де тікелей  ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуына қатыса алмай келеді, тек өз өкілдіктері арқылы (филиалдар) қатысады. Елден тыс жерде өз филиалын құруға барлық компаниялардың бірдей мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ қағаз форматында өткізілетін мемлекеттік тапсырыстарға да қатысуға болады. 

Бұдан шығатыны, қазақстандық өнім берушілердің ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мемлекеттік сатып алуына қатысу мүмкіндігі  әзірше шектеулі күйде қалып отыр.

Қазіргі таңда ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің өнім берушілерінің қатысу мүмкіндігімен өткізілетін ЕЭАО елдеріндегі мемлекеттік сатып алудың үлесі мардымсыз ғана (Ресей мен Белоруссия арасындағы сатып алудан басқа). Бұдан бөлек, көбінесе жергілікті өнім берушілерге артықшылық беріледі. Осыған байланысты ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қазақстандық компаниялардың қатысуының қолжетімді тәсілдері бүгінгі күні тартымды емес болып табылады. 

Бірақ жағдай мемлекеттік сатып алу саласында ЕАЭО-ға мүше елдердің заңнамасы  ЕАЭО туралы Шарт нормаларының талаптарымен түпкілікті сәйкес келгенде және ЭЦҚ-ны өзара мойындаудың нақты мүмкіндіктері бар бірыңғай электрондық алаң және электрондық шарттарға қол қою іске қосылғанда түбірімен өзгеруге тиіс.

Қазірде ЕАЭО басшы органдарының алдында тұрған басты (ортақ) міндет – бөлек-бөлек электрондық жүйелерден мемлекеттік сатып алудың түпкілікті бірыңғай одақтық нарығын қалыптастыру. Біріктіру жолындағы ең күрделі нәрсе, бұрын да айтылғандай, сатып алуға қатысушының криптографиялық (ЭЦҚ) қолтаңбасын және оны қауіпсіз түрде пайдалануды жасау болды. Бұл міндетті шешуге бір жарым жыл кетті.  Ендігі кезекте электрондық шарт жасау туралы мәселені шешу тұр.

Бірыңғай электрондық алаңды енгізу және ЭЦҚ-ны өзара мойындау жөніндегі ортақ проблемалардан бөлек,  ЕАЭО-ның әрбір мүше мемлекеттерінің мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты өзіндік проблемалары бар. Бұл біздің елімізге де қатысты. Қазақстанның мемлекеттік сатып алу нарығында да өз проблемалары бар.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  (ҰКП) мәліметтері бойынша, 2014 жылы палатаға сатып алу мәселелері бойынша 268 шағым түсті, олардың ең көп саны мемлекеттік сатып алуға қатысты (34,4 %). ҰКП-ға түскен өтініштердің жалпы санының 30 %-ы – бұл қисынсыз қабылдамауға және нақты өнім берушінің сатып алуды жеткізуіне байланысты. Сондай-ақ облыстар мен қалалардағы кәсіпкерлер палатасының филиалдарына да шағымдар түсті. Түскен шағымдардың 1174-інің мемлекеттік сатып алу үлесіне 27 %-ы тиесілі. Сонымен қатар ҚКП-ға жүгінген өтініштер санының ұлғаю құбылысы байқалады, 2015 жылдың бірінші тоқсанында – 168 жағдай. Әкімшілік құқық бұзушылық та көптеп анықталуда. Бір көзден сатып алудың үлесі жоғары күйде қалып отыр (41,8 %). Бәсекелестік негізде (2015 жылдың басындағы жағдай бойынша) мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 27,8 %-ы ғана өткізіледі. 

Тағы да атап өту керек, ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алуға өзара қатысу қазақстандық нарық көлемін айтарлықтай арттыратындықтан, қазақстандық бизнес үшін үлкен рөл атқарады.

Сонымен бірге, тәжірибе жүзінде ЭЦҚ-ны өзара мойындауды және бірыңғай электрондық алаңды қосуды жүзеге асырғаннан кейін, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуға қатысатын компанияларының саны ұлғаятын сияқты. Әзірше, 2015 жылдың екінші жартыжылдығындағы мәліметтер бойынша, Қазақстандағы бейрезиденттердің үлесі бар болғаны 0,01 пайызды құрады.  Шын мәнінде, шетелдік өнім берушілер санының ұлғаюы сөзсіз бәсекелестік деңгейде көрінеді және мұнда аталған жағдай қазақстандық бизнеске жағымды әсер етеді деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Оның үстіне Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына  (ДСҰ) «түпкілікті» кіретін және соның нәтижесінде ДСҰ-ға мүше мемлекеттер кәсіпорындарының қазақстандық нарыққа шығатын күні де алыс емес.

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы - kz. № 12-2016 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях