Құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту

12
Құқық бұзушылық тәуекелдерін азайту
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.

2016 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістердің сондай-ақ өнім берушілерді немесе әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу тәртібіне де қатысы бар.

Осылайша, Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.        

Мұндағы жаңалық – мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер, сондай-ақ  екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган – ҚР Қаржы министрлігінің шешімімен тізілімге енгізіледі.

Қалған жағдайларда тапсырыс беруші өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны туралы фактісі белгілі болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

Әлеуетті өнім берушіні, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа тапсырыс берушінің жүгінбегені немесе уақтылы жүгінбегені үшін ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген ең айтарлықтай жаңалық ретінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алудың жаңа тәсілінің пайда болуын атауға болады.

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасау жағдайлары және олардың әрқайсысы Заңның 39-бабының 3-тармағында айқындалған.

Бұл ретте Тапсырыс беруші сатып алудың осы тәсіліне ерекше назар аударуы керек, мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген жағдайда шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қатысты бұрыс түсінік берілген және  сәйкесінше сатып алу тәсілі дұрыс анықталмаған жағдайда ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларына жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  әкімшлік айыппұл салынады. 

Осы баптың қорытындыларын шығара келе, мынаны атап өткіміз келеді: Тапсырыс берушілер мен Ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алудың негізгі ұстанымдарын сақтауы, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны тиімді және оңтайлы жұмсау, әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, сыбайлас жемқорлықтың бас көтеруіне жол бермеу әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың туындау қаупін төмендетуге кепілдік береді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях