Қолданыстағы заңнама саласында бұзушылық тәуекелінен қалай арылуға болады?

34
Қолданыстағы заңнама саласында бұзушылық тәуекелінен қалай арылуға болады?
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін мемлекеттік сатып алу шарттарын белгілеуге тыйым салынады. Тапсырыс берушінің заңсыз іс-әрекеттері үшін қолданылатын жазалау шаралары.

Құқықтық мемлекеттің азаматы ретінде біздің әрқайсысымыз Қазақстан Республикасының конституциялық және нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген құқықтар мен міндеттемелерді меңгергенбіз. Мұндай құқықтар мен міндеттемелерді меңгеру оларды бұзғанымыз немесе орындамағанымыз үшін нақты жауапкершілікте болатынымызды меңзейді.

Қазақстан Республикасының 90-нан астам нормативтік құқықтық актілері сияқты, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – ҚР ӘҚКо) 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте  ҚР ӘҚКо 4-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады.

Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасына өзгерістермен қатар оларды бұзушылық үшін жауапкершіліктің жаңа шаралары күшіне енеді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 3-тармағына сәйкес Конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:       
1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;

2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:

негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынады.

Заңның 32-бабының 4-тармағына сәйкес аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптар Заңның 21-бабының 3-тармағының қағидалары бойынша айқындалады.

Назар аударыңыз! Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны орналастырғанда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді, оған мемлекеттік сатып алуды мынадай:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.

ҚР ӘҚКо 207-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      Бұл ретте айыппұл мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысына, тапсырыс беруші немесе оның міндеттемелерін орындаушы тұлғаға, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты тұлғаларға  және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) дайындауға тікелей қатысатын тұлғаларға салынады.

Жалғасы келесі мақалада.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша"Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях