2017 жылға арналған мемлекеттік бюджетті жоспарлау

45
2017 жылға арналған мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Нагуманов Нурсултан Сансызбаевич
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», город Алматы
Қаржы жылының басында сауатты түрде жоспарланған сатып алу жоспары – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоғарыда көрсетілген ұстанымдарын сақтаудың басты шарттарының бірі.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау рәсімі бәрінен бұрын 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ұстанымдары

           Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алатын мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін өнім берушілер, Заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мына ұстанымдарға негізделетінін түсінуге тиіс:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі міндеттерінің бірі тапсырыс берушілер үшін де, өнім берушілер үшін де тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімін жеңілдету, адал бәсекелестік үшін өнім берушілерге тең жағдайда жағдай жасау болып табылады. Бұл үшін тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау рәсіміне ерекше көңіл бөлуге тиіс.  

Қаржы жылының басында сауатты түрде жоспарланған сатып алу жоспары – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоғарыда көрсетілген ұстанымдарын сақтаудың басты шарттарының бірі. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу процесі:

1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеуді және бекітуді;

2) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтиды.

Бұл ретте тапсырыс берушілерге бірінші кезекте, тиісті бюджет (даму жоспары) негізінде, Қағидаларда айқындалған тәртіп пен үлгіде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту керек.

2. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу

   Заңның 5-бабының ережелерінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар анықталған, оны тапсырыс берушілер есте сақтауға және мүлтіксіз ұстануға тиіс.

Тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.  Бұл ретте мынаны есте ұстаған жөн: мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданыста болады.  

            Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгеннен кейін, мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өтеді.

            Мемлекеттік сатып алуға қатысатын тапсырыс берушілер мен өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заң шығарушы тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту үшін нақты мерзімдерді  белгілегенін есте ұстағаны да маңызды. Осылайша, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).  

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығына сүйенетін жағдайына тараптардың ерекше көңіл аударғаны жөн.   

 Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгеннен (нақтыланғаннан) кейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбастан уәкілетті органға ұсынылатын мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде  мемлекеттік сатып алу веб-порталына оны орналастыруға міндетті.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) негізінде қабылдайды.  

Тапсырыс берушілер тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда қабылдауға құқылы.

Келесі мақалада біз жоспарлау тақырыбын жалғастырамыз және мына мәселелерді қарастырамыз:

1. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу;

2. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны;

3. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері;

4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту;

5. Республикалық бюджетте мемлекеттік сатып алуды жоспарлау қалай көрсетілген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях