Баға қорытындылар туралы хаттаманың бағасынан асады

25
Баға қорытындылар туралы хаттаманың бағасынан асады
Нагуманов Нурсултан Сансызбаевич
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», город Алматы
Өнім беруші баға негіздемесінде қорытындылар туралы хаттамаға қарағанда жоғары бағаны көрсетті және оны компанияның прайс-қағазында тіркеді. Тапсырыс беруші қандай әрекет жасауға тиіс?

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабының 7-тармағына сәйкес, егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын берген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.

Осылайша, сіздің жағдайыңызда, өнім берушінің өтінімдерін қарау кезінде, сіз дауыс бересіз және баға негіздемесі қорытындылар туралы хаттамадағы бағадан асып кететін лоттар бойынша өнім берушіге рұқсат бермейсіз.

Техникалық ерекшелік бойынша өнім берушіні қабылдау немесе рұқсат беру үшін «Әр лот бойынша құжаттар» тарауына өту қажет.

Ескерту: «Әр лот бойынша құжаттар» тарауында рұқсат беруді немесе қабылдамауды өнім беруші қатысатын әр лот бойынша жүргізу керек.

Рұқсат беру/қабылдамау белгісін таңдауға арналған өріс мына мәндерде болған тізімді қамтиды:

- жіберілді

- қабылданбады.

Өнім берушіні қабылдамаған жағдайда «Себептің негіздемесі» өрісін толтыру міндетті болып табылады. Мұнда сіз өнім берушінің Заңның 38-бабының 7-тармағына сәйкес қабылданбағанын көрсетесіз, өйткені баға негіздемесінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы бірінші Хаттамадан асатын баға көрсетілді. Сондай-ақ «Файлды бекіту» функционалы қолжетімді. Өнім берушінің бастапқыда лотқа өтінімді қандай баға бойынша бергені туралы ақпарат көрсетілетін қорытындылар туралы Хаттаманы тіркеу артық болмайды.

Дауыс беруді «Барлық лоттар бойынша ортақ құжаттар» және «Әр лот бойынша құжаттар» тараулары бойынша өткізу керек.

Тараулардың әрқайсысы бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет. Аталған батырманы басқан кезде енгізілген нәтижелерді сақтау жүзеге асырылады. 

Барлық тараулар бойынша дауыс беруді аяқтау үшін «Дауыс беру» батырмасын басу керек. Дауыс беріп болғаннан кейін, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы жасайсыз, оған қол қоясыз және әрі қарай бір көзден алу тәсілімен қорытындылар туралы хаттаманы жариялайсыз. 

Хабарландыру жарияланғаннан кейін, хабарландыру мен өнім беруші өтінімінің мәртебесі «Аяқталды» деп өзгереді, егер өткізілмеген болса, лот (тар) мәртебесі «Сатып алу өткізілмеді» деп, ал өнім берушінің өтініміндегі лот (тар) мәртебесі «Қабылданбады» деп өзгертіледі.

Портал бұл өнім берушіні өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен, тіпті ол қабылданбағаннан кейін де, қайтадан шақыруға мүмкіндік береді, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен шақыру рәсімін ең басынан бастап қайталау қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях