Кедендік құқықтық қатынастар

91
Кедендік құқықтық қатынастар
Кедендік қатынастардың басты ерекшелігі олардың бәрінің тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өткізілуіне байланысты қалыптасатындығынан, оны ресімдеу мен бақылаудан, сондай-ақ кеден төлемдерін төлеуден тұрады.

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

Бұл саладағы негізгі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы,  2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында Кеден одағының кеден кодексі туралы Шартпен қабылданған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі, 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекс, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, кеден қызметіне қатысты ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Қаржы министрлігінің нұсқаулары мен бұйрықтары, комиссия шешімдері, Кеден одағының техникалық регламенттері болып табылады.

Кеден заңнамасы – құқықтың кешенді саласы, ол мемлекет белгілеген әртүрлі құқықтық салалық тиістіліктің құқықтық нормалар жүйесінен тұрады және кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді төлеумен, кедендік операциялармен, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясатын жүргізудің басқа да құралдарымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған.

Кедендік құқықтық қатынастар мыналарды қамтиды: кеден ісін ұйымдастыру; кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өту; кеден тәртібін реттеу; кедендік төлемдерді өндіріп алу; алдын ала операциялар; кедендік ресімдеу; Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау; валюталық бақылау; кеден ісі саласында құқық бұзушылықтың (әкімшілік және қылмыстық) орын алуы; кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеті немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне шағымдану және қарау; кеден органдарында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік қызметкерлердің кеден органдарына жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы.

2010 жылдың 1 шілдесінде Кеден одағының Кеден кодексі заңдық күшіне енді, сол арқылы Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстанның бірыңғай кедендік кеңістігі белгіленді.

Кеден одағының Кеден кодексі әрекетке енгеннен кейін туындаған кедендік дауларды қарау кезінде, соттардың Кеден одағы заңнамасының ұлттық заңнама алдындағы басымдығын ескергені жөн.

КО Кодексінің 1-бабының 2-тармағына сәйкес  кеден одағындағыкедендікреттеукеденодағыныңкедензаңнамасынасәйкес, ал мұндайзаңнамадареттелмегенбөлігінде, кеденодағыныңкедензаңнамасыдеңгейіндетиістіқұқықтыққатынастарорнатылғанғадейінкеденодағынамүшемемлекеттердіңзаңнамасына,«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне жәнебасқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

 «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» жаңа ҚР Кодексін қабылдаудың негізгі мақсаты ұлттық кеден заңнамасын Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкестікке келтіру болып табылады.

Жаңа Кодексті жүзеге асыру аясында кедендік әкімшілікті жүзеге асыру кезінде заңды және жеке тұлғалардың кеден органдарымен өзара әрекеттесу мәселелерін егжей-тегжейлі реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; кедендік әкімшілікті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың ішкі мәселелерін реттеуге бағытталған кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрықтары қабылданды.

Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қолданыстағы сот тәжірибесінің талдамасы 2016 жылдың өткен кезеңінде ҚР ӘҚКо 541-бабы бойынша істер қаралғанын көрсетті, кедендік іс саласында басқа істер қаралмаған. Егер ӘҚКо 541-бабының құрамын сараптасақ, бұл бап бойынша құқық бұзушылықтың объектісі кеден декларациясын берудің бұрынғы кедендік операцияларын жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастар болып табылатынын атап өту керек.

Тауарлардың уақытша сақталуы дегеніміз Кеден одағының Кедендік кодексінің 167-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің  259-бабына сәйкес шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес оларды кеден органы шығарғанға дейін не Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасағанға дейін уақытша сақтау орындарында кедендік баждар, салықтар төлеместен сақтау болып табылады.

КО КК 170-бабына, ҚР КК 268-бабына сәйкес  тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды, ол кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі, тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.

Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі төрт айдан аспауға тиіс. Халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ әуе көлігімен өткізілетін, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты шекті мерзім алты айдан аспауға тиіс. КО КК 170-бабының 4-бөлігінің, 174-баптың мағынасы бойынша тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәттен басталады. Уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін тауарлар нақты кеден режимдеріне сәйкес шығарылуға немесе басқа кедендік рәсімдерге сәйкес ресімделуге тиіс.

Осылайша, осы құқық бұзушылықтың объективті жағы тауарды шығару бойынша барлық тиісиі шараларды тауарды уақытша сақтау мерзімі ішінде тұлғаның қабылдамауымен көрсетіледі, соның нәтижесінде уақытша сақтау мерзімі өткенде тауарлар кедендік ресімге орналастырылмайды.

Бұл құқық бұзушылықтың субъектісі декларант болып табылады, кеден заңнамасына сәйкес тауарды және (немесе) көлік құралдарын шығаруды қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдау бойынша міндеттеме соған жүктелген (КО КК 188-бабы). Бұл ретте уақытша сақтау қоймасына алушысы заңды тұлға болып табылатын тауарды орналастырған жеке тұлға құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайды, орын алған іс үшін жауапкершілік ӘҚКо 541-бабында көзделген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях