Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері

73
Одаққа мүше елдер аумағында мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігі қашан туады?

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын құру идеясы

Соңғы жылдары мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың көпшілігі (өнім берушілер) барған сайын шектес елдердің мемлекеттік сатып алуына қатысу мүмкіндігіне қызығушылық танытып отыр, алдымен Кеден одағы құрамындағы, ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген сәттен бастап – одақ аясындағы елдерге қызығушылық танытуда. Оның үстіне, бірнеше жыл бойы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер аумағында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығына өту туралы алдын ала құлақтандырылып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның көптеген өнім берушілерін: «Одаққа мүше елдер аумағында мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігі қашан туады?» деген сұрақ толғандырып отыр.

 Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – бұл халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік (одақ), оның құрылғаны туралы шартқа 2014 жылы 29 мамырда қол қойылды, ал 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді (ЕАЭО туралы шарт). ЕАЭО қатысушы елдердің әлемдік нарығында экономиканы нығайту, «жақындастыру», жаңғырту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы (ЕурАзЭҚ) Кеден одағы базасында құрылды.

Бастапқы кезеңде одақ құрамына Ресей, Қазақстан және Беларусь кірді. 2015 жылы ЕАЭО-ға Қырғызстан мен Армения қосылды.

2014 жылдың басынан бері ЕАЭО мемлекеттік сатып алуына ЕАЭО-ның барлық қатысушы елдерінен әлеуетті өнім берушілердің қатысуына мүмкіндік беретін бірыңғай электрондық алаң әзірлеу бойынша (портал) толық масштабты бірлескен жұмыстардың басталғаны жайлы айтылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО құру туралы айтылғалы бері, Қазақстанның бейіндік ведомстволарының шенеуніктері электрондық сатып алудың бірыңғай нарығын құру ЕАЭО-ның барлық қатысушыларына пайда әкелетінін бірнеше рет атап өтті. 2013 жылғы бағалау бойынша, осы нарықтың көлемі шамамен 266 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жалпы нарығын 26 есе арттырады. Сондықтан ЕАЭО аясындағы мемлекеттік сатып алу нарығын біріктірудің пайдасының негізгі аргументі мен дәлелі бірыңғай сатып алу Қазақстанның экспорттық әлеуетіне ықпал ететіндігінде болып тұр.

ЕАЭО қатысушы елдері өткізетін мемлекеттік сатып алуға өзара қатысу мүмкіндігі ЕАЭО туралы шарт қосымшаларында заңды түрде бекітілген. Осылайша, ЕАЭО туралы шартта «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу» атты XXII тарау бар. Бұл тарауда мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы реттеудің мақсаттары мен ұстанымдары белгіленген, ол сондай-ақ бір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны екінші мүше мемлекеттің өзара мойындауы жолымен мүше елдердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілерінің электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді декларациялайды.

Қазіргі таңда Қазақстан кәсіпорындарының (өнім берушілерінің) ЕЭАЭО                            қатысушы басқа елдердің (әзірше сөз тек Ресей мен Беларусь туралы болып отыр) мемлекеттік сатып алуына қатысуы үшін заңды түрде бекітілген негіздемелер бар. Дегенмен факт жүзінде іс басқаша сипат алып отыр.

 ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алуды интеграциялаудың негізгі кезеңдері

ЕАЭО аясында бірыңғай электрондық алаң құру мен мемлекеттік сатып алуды біріктіру (интеграциялау) бойынша жұмыстар ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанға дейін басталған болатын.

Интеграцияның бірінші кезеңі 2013 жылы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) трансшекаралық пайдалану мүмкіндігі енгізілгенде аяқталды. Көрсетілген елдердің өнім берушілері басқа елдердегі мемлекеттік сатып алуға өз (бұл кезде өзінде бар) ЭЦҚ арқылы қатысу мүмкіндігін алды.

 Бастапқыда бұған ұқсас жұмыс 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуетті өнім берушілердің үш елдің электрондық сауда алаңдарындағы сатып алуға өзара қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сол жылы Қазақстанда да өткізіледі деп жоспарланған болатын. Бірақ іс жүзінде ол Қазақстанда тек 2014 жылы ғана басталды.

Екінші кезең 2014 жылдың соңына қарай заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз ету, ақпараттық технология мен ұлттық режимді енгізуге қатысты 2010 жылғы 9 желтоқсандағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы Келісімді жүзеге асыру аяқталғанымен байланысты болды. Бұл туралы 2015 жылы 20 наурызда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өткізген «Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алу: проблемалар мен бәсекелестікті қорғау міндеттері» деген екінші конференция аясында сөйлеген сөзінде алқа мүшесі – ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергенов атап өтті. Конференцияға қатысушылар мүше мемлекеттер арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы ұлттық реттеу мен оны жетілдірудің болашағы туралы ақпаратпен алмасу, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап алу мақсатында үнемі диалог жүргізу қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, ЕЭК жоспарында қатысушы елдерден өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу туралы және ұлттық режимнен алып тастау туралы актілерді қабылдау жөніндегі хабарлама алу, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің мұндай актілері мен үндеулерінің күшін жою белгіленген. Нұрлан Алдабергенов атап өткендей, идеяның мәні сонда, мәселен, Минскіде немесе  Витебскіде тұратын кәсіпкер өз елінің шегінен шықпай-ақ Ресей немесе Қазақстандағы электрондық сатып алуға қатысу мүмкіндігіне ие болады.  . 

Үшінші кезең. 2015 жылы 20 қарашада Мәскеуде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің монополияға қарсы органдары басшылары мен ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа Мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов қатысқан мәжілісте интеграцияның келесі кезеңі жарияланды.

Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуына өзара қатысуды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ бәсекелестік пен ЕАЭО Соты қараған мемлекеттік сатып алу бойынша даулар қаралды.

Нұрлан Алдабергенов атап өткендей, интеграция міндеттерін әрі қарай шешу аясындағы негізгі кезең  электрондық шарт жасасу болып табылады. Аталған жұмысты 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар одаққа мүше мемлекеттердің өнім берушілері мемлекеттік сатып алу нарығына рұқсат алғаны жарияланды, оның ішінде ЭЦҚ-ны трансшекаралық пайдалану арқылы, ұлттық режимнен шығаруды болдырмау немесе мұндай алуды белгілеу кезіндегі бұзушылықтарды жою арқылы  мүмкнідік берілді. Яғни ЕАЭО қатысушы елдерінің ЭЦҚ-ны өзара мойындау мәселесі шешілгені туралы ресми мәлімдеме жасалды.

Алайда 2016 жыл бойы ЕАЭО-ның әртүрлі мүше мемлекеттерінің сатып алуына қатысу процесінде ЭЦҚ пайдалану мүмкіндігі жалпақ жұртқа ұсынылмады.

Важно. Бұдан бөлек, мәжіліске қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы ақпараттық порталын құру туралы мәселені қарады. Портал сатып алу туралы ақпарат алуға рұқсат беретін жалғыз әрі ашық орын болады, сондай-ақ сатып алу процесі нәтижелерін алуға, тапсырыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) тез жауап қатуға және сатып алуды өткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мәжіліске қатысушылардың пікірінше, оның құрылуы қаржыны үнемдеудің өсуіне, сыбайлас жемқорлық қаупінің төмендеуіне, әртүрлі мәліметтер базасының (әлеуетті өнім берушілер, баға) құрылу мүмкіндігіне ықпал етеді.

Мәжіліс барысында бүгінгі таңда, Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында заңнамаларды үйлестіру бойынша жұмыс аяқталғаны атап өтілді.

     Төртінші кезеңде ЕАЭО-ның жаңа қатысушылары үшін (Қырғызстан және Армения) қолданыстағы уағдаластыққа сәйкес ЕАЭО аясындағы мемлекеттік сатып алуға өзара қатысу мүмкіндігін жүзеге асыруға қатысты өтпелі кезең (келесі саты) қарастырылуда, ол әзірше өзінде электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу жұмысын жалғастырып отыр.

ЕЭК-нің атап өтілген барлық іс-әрекеттері интеграция процесінің жалғасып келе жатқанын және болашақта мемлекеттік сатып алудың бірлескен еуразиялық нарығы бірыңғай электрондық алаң аясында жұмыс істейтінін дәлелдейді. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях