ҚР мемлекеттік медициналық ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алу

19
ҚР мемлекеттік медициналық ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алу
Көптеген медициналық ұйымдардың кезінде порталда жиі жіберетін қателіктері – біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін, оларды біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеуі

Мемлекеттік медициналық ұйымдар өздерінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар болып табылады және оларға ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген жаңалықтарға сәйкес, рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру кезінде ұйымдастырушылар әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат берілмеу себептерін, сондай-ақ сәйкестікке келтірілуі тиіс мәліметтер мен құжаттарды порталда нақты көрсетулері тиіс.

Көптеген медициналық ұйымдардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде порталда жиі жіберетін қателіктері – біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін, оларды біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеуі.

Сонымен, бір лотпен дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жариялайды, бұл ретте техникалық ерекшелікте өз кезегінде әлеуетті өнім берушілерге жылдың әр түрлі мезгілінде көрсетілуі тиіс түрлі үш циклдың (медициналық мамандықтардың) атауын жазып көрсетеді. Бұл арада әлеуетті өнім берушіге әрбір циклдың өзіндік құнын анықтаудың мүмкін болмауы қиындық туғызады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабында көзделген негіздер бойынша ғана бір көзден алу тәсілмен шартты тікелей жасасуға ерекше назар аударулары тиіс.

Ұйымдастырушылардың көбісі сатып алудан жарияланып қойған хабарландыруда қателіктер жіберілгені анықталған кезден-ақ бас тарта отырып, бұзушылықтарға жол береді

Мәлімет үшін. Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес, 2 жағдайда ғана:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға болады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Маңызды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтардың бірі, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойған жағдайда, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпауы болып табылады. 

Заңның 37-бабының 4-тармағынан келіп шығатыны, берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Осылайша, сатып алуды ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге және тиісінше сатып алудың тәсілдерін анықтауға неғұрлым жауапкершілікпен қарауы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңын басшылыққа алуы тиіс. Сонымен, егер тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге рұқсат құжаттары талап етілсе, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мүмкін емес, егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңы бойынша ол талап етілмесе, бірақ ұйымдастырушы оны сұраса – бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. 

Мәлімет үшін. Медициналық ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналып бөлінген бюджеттік қаражат аясында сатып алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізуЕрежеге сәйкес жүзеге асырылады. 

Ереже аясында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттар, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық қызметтер сатып алынады, не бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілер үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, не медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алады. 

Маңызды! Әлеуетті өнім берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша көрсетілетін қызметтердің шығындарын өтеу тәртібіне ерекше назар аударғымыз келеді. 

Әлеуетті өнім берушілердің шығындарын бюджет есебінен өтеу, ТМККК-ге жасалған шарттардың негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының ТМККК субъектісін еркін таңдау құқығын іске асыру және медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Бұл ретте, шығындарды өтеу қалыптастырылуы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығында айқындалған тәртіпте орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері негізінде жүзеге асырылады.

ТМККК аясында қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизингтік төлемдерді өтеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жасалған шартқа қосымша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушінің қандай нормативтік актіні басшылыққа алғанына, Мемлекеттiк сатып алу туралы Заң және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидалар аясында қандай сатып алуларды жүзеге асыратынына қарамастан, бұзушылықтардың туындауына жол бермес үшін жариялық, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттары сақталуы тиіс. 

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс.Сұрақтар мен жауаптар", №10



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях