Сыбайлас жемқорлық ұлттық экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде

55
Сыбайлас жемқорлық ұлттық экономикалық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде
Мемлекеттің неғұрлым өткір проблемаларымен тығыз байланысты, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер қоғам өмірі салаларындағы әлеуметтік шиеленістің түрлі деңгейінде орын алатын қарама-қайшылықтардың жиынтығынан туындайды

Қазіргі заман жағдайында кез келген мемлекет өз мақсаттары мен ұлттық мүдделерді қорғау жөніндегі мемлекеттік стратегиясын айқындауға ұмтылады.

Аталған қызмет, ең алдымен дәстүрлі түрде жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің ұлттық мүдделерге қауіп тударытан сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуы ретінде айқындалатын, елдің ұлттық қауіпсіздігі ұғымымен байланысты. 

Бүгінгі күні мемлекеттің неғұрлым өткір проблемаларымен тығыз байланысты ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемдері басты орынға қойылуда. Ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер қоғам өмірі салаларындағы әлеуметтік шиеленістің түрлі деңгейінде орын алатын қарама-қайшылықтардың жиынтығынан туындайды. Қазіргі нарық қатынастары жағдайында елдің экономикалық мүддесіне төнген қатер отандық тауар өндірушілердің және олармен байланысты сыбайлас жемқоршыл шенеуніктердің құқыққа қайшы әрекеттерінен туындауы мүмкін, бұның өзі ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық ауқымының артуынан көрінеді. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – біздің маңызды артықшылығымыз, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша жоспарлы түрдегі тұрақты жұмысы осының куәсі. ҚР тәуелсіздік алған сәттен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты күрес шаралары қабылданып, тиімді іс-қимылдар жүргізілуде. Дамыған елдерде қолданылатын оң тәжірибелерді ескере отырып, Республикамызда нормативтік құқықтық база тұрақты түрде жетілдіріледі, сыбайлас жемқорлықтың алуан түрлерінің алды алу және жолын кесуге бағытталған неғұрлым пәрменді заңдар әзірленеді және қабылданады. 

Назар аударыңыз! Алайда ақтық нәтижеге қол жеткізу және сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерін түбірімен жою үшін адамдардың санасының өзгеруі керектігін естен шығармаған жөн.

Тек азаматтық қоғам ғана құқықтық мәдениетті қалыптастырады және дамытады: не биліктің бөлінуі, не сот жүйесін реформалау бізді құқықтық мемлекетке қарай жақындатпайды.

Тарихи тұрғыда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бірге қалыптастады. Құқықтық мемлекет сол қоғамның тәуелсіздігін қолдайды, қоғам өз кезегінде мемлекетке келісім және өзара түсіністік саясатын жүргізуге көметкеседі. Сондықтан барлық саясат құбылыстарының негізінде егемендік және ұлттық қауіпсіздік,  экономикалық әл-ауқат, коституциялық тәртіп пен жеке тұлғалар құқығының кепілдіктері сияқты құндылықтар жатыр. 

Қазақстанда жемқорлықты түйсіну рейтингі

Жемқорлықты түйсіну индексі (The Corruption Perceptions Index) (бұдан әрі – ЖТИ) –мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың таралуы бойынша әлем елдері рейтингін жаһандық зерттеу. Халықаралық Transparency International мемлекеттік емес ұйымының жалпыға қолжетімді статистикалық деректері мен пікіртерімдерінің нәтижелеріне негізделген әдістеме бойынша есептелген.

ЖТИ аясында сыбайлас жемқорлық жеке пайда табу мақсатында кез келген қызметтік жағдайын асыра пайдалану сияқты айқындалады. 

Мәлімет үшін. Жоба бастамашылары сараптамалық пікіртерімді бағдарға алғандарын былайша түсіндіреді, сыбайлас жемқорлықты, мысалы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істер мен сот үкімдерінің санын  өлшеу кезінде статистикалық деректер әдетте «жұмыс істемейді». Бұл деректер, бірінішден, үнемі қолжетімді емес, екіншіден, жемқорлықтың нақты деңгейін емес, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарының қаншалықты тиімді екендігін ғана көрсетеді. 

Бұл жағдайда зерттеушілердің пікірінше сыбайлас жемқорлықпен тікелей бетпе-бет келетін кәсіпкерлердің немесе оны зерделеумен кәсіби түрде айналысатын талдаушылардың куәлік етулері, ақпараттың бір ғана сенімді дереккөзі болып табылады. 

Маңызды. ЖТИ-де Қазақстан 2015 жылы 28 балл жинады және рейтингте өткен жылғы 126-шы орыннан 123-ші орынға жылжыды.

Нәтижелер сауалнамалар барысында алынған бизнес компаниялардың сарапшылары мен басшыларының пікірлеріне, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделген.

Қазақстанның ЖТИ-ін есептеу сегіз халықаралық зерттеулердің деректері бойынша жүзеге асырылды, сауалнама және пікіртерім жүргізу барысында сарапшылар Қазақстандағы экономика, құқық, демократиялық реформа салаларындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қалай түйсінетіндеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сарапшылардың тұжырымдарына сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және мемлекеттік билік қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету салаларында қабылданған ауқымды заңнамалық бастамалар негізгі оң бағасын алды. Оның ішінде – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласында жалғасып жатқан жұмыстар бар.

Содай-ақ, Қазақстандағы 2015 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталған проблемалар жалпы алғанда бұрынғысынша қалып отыр және құқықтық саланы нығайту, көлеңкелі экономиканың өсуімен байланысты тәуекелдерді зерттеу, мемлекеттік басқару жүйесіндегі демократиялық рәсімдерді күшейту міндеттерін шешу қажеттілігімен байланысты. Сарапшылар осы мәселелердің шешімін таппауы сыбайлас жемқорлықтың өсуіне ықпал ететінін атап көрсетті.

Қазақстан үшін неғұрлым өзекті болып табылатын негізгі тәуекел аймақтарына:

Азаматтардың үкіметке деген сенімсіздігі, оның салдарынан қоғамда әлеуметтік шиеленістер туындау тәуекелі күшейеді деп күтілуі.

Үкіметтен неғұрлым шешуші тұрақтандыру шараларын талап ететін әлемдік экономикалық дағдарыстың жалғасуы.

Жылдам өзгеретін экономикалық жағдайда жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті мемлекеттік аппараттың жеткілікті түрде тиімді болмауы.

Сыбайлас жемқорлық экономиканың тұрақсыздығы салдарынан күшейе түсетін күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Істің нақты мән-жайы осы саладағы іске асыруларда жүйелілік пен бірізділіктің жоқ екендігінің куәсі.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылдарда ерекше көрініс тапқан тағы бір күрделі мәселелердің біріне – бірлескен сыбайлас жемқорлықтың өсу проблемасы жатады және бұл жергілікті бизнеспен қоса, шетелдік бизнеске де қатысты.

Бүгінгі күні Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін іс жүзінде пайдалану белең алуда.

Мәлімет үшін. Transparency International ұйымының соңғы дүниежүзілік бірлескен сыбайлас жемқорлық бойынша есебінің деректеріне сүйенсек, біздің елдің аумағында жұмыс істейтін елуден астам дүниежүзілік ірі компаниялар өздерінің Қазақстанда тапқан табысы туралы ақпаратты ашып көрсетпейді. Олардың қызмет саласы мен мемлекетпен арадағы өзара қарым-қатынастары туралы ақпараттар толық көлемде ашылмайды. 

Осының бәрі еліміздің үкіметі жігерлі жұмыс істеген Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына едәуір тәуекелдің бар екендігін көрсетеді.

Қазақстан тап болған экономикалық қиындықтар жергілікті ірі бизнес пен оның өкілдерінің мемлекеттік саясат пен билікке қысым көрсетуі мүмкін екенін анық көрсетті.

Үкіметтің ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саласындағы заңнамалық бастамалары («Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары) сарапшылардың оң бағасына және азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік беретініне қарамастан, сараптамалық пікіртерім кезінде құқықты, атап айтқанда – заңдарды талғамалы қолдану тәжірибесінің кезекті төмен деңгейі тіркелді

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс.Сұрақтар мен жауаптар.", №10



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях