Конкурстағы сараптама комиссиясының рөлі

24
Конкурстағы сараптама комиссиясының рөлі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 73-тармағы негізінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

Сарапшылар (сараптама комиссиясы)

2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 26) тармақшасына сәйкес сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға.

Көрсетілген Заңның 25) тармақшасынан шығатыны, сараптама комиссиясы –  сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 73-тармағы негізінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

Сарапшылар (сараптама комиссиясы) төрағадан, төраға орынбасарынан және сараптама комиссиясының басқа да мүшелерінен тұрады. Төраға жоқ болған кезде оның қызметтерін төраға орынбасары атқарады. Сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ сандардан тұруы керек және үш адамнан кем болмауға тиіс. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде сарапшылар комиссиясы немесе сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер талаптарының конкурстық құжаттамаға заттық сәйкестігіне қатысты сараптама қорытындысын береді.

Қағидалардың 79-тармағына сәйкес конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді.

Сараптама комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны айқындаған жағдайда, сараптама қорытындысына сарапшылар комиссиясының мүшелері немесе сарапшы қол қояды, ол конкурс комиссиясы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі үлгісінде веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қоса тіркеледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях