Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану (2-бөлім)

14
Мемлекеттік сатып алуға қатысуды және онда жеңуді қалайтын әрбір әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамада бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін, сатып алуды ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Заңда белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер және/немесе қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Бұдан басқа, Заңның 9-бабында конкурстық-аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушіні мынадай:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;

2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;

3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы сияқты негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануы міндетті екендігі нақты көрсетілген.

Мәлімет үшін. Сонымен бірге, ұйымдастырушылардың Заңның жоғарыда көрсетілген баптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,  шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға теңестірілетіні  көзделген. Аталған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босату немесе мемлекеттік функцияларды орындауын тоқтату жатады.

    

Бұдан басқа, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру (Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы сияқты қағидаттарды сақтаудағы міндеттерін атап өткіміз келеді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  ҚР Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабының 9-тармағында, әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану бөлігі бойынша лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түрінде, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді жауапкершілікке тарту  шаралары көзделген.

     Сондай-ақ, Кодекстің 207-бабының 11-тармағында, сараптама комиссиясының немесе сарапшының конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған көрiнеу жалған сараптама қорытындысын жасағаны үшін елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегі айыппұл түрінде жауапкершілік шарасы көзделгенін ескеру қажет.

             

Маңызды. Заңда, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасау  құқығы көзделген.

Бірақ, тапсырыс берушінің:

1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;

2) Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі мемлекеттік бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.

Осылайша, егер мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатысушы әлеуетті өнім беруші, конкурстық/аукциондық комиссияның әрекеттерін заңсыз деп санаған жағдайда, өзінің заңды мүдделерін қорғау үшін ол қаржылық бақылау органдарына жүгінуге құқылы.  

Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға «алдын ала рұқсат беру хаттамасы» түсінігінің енгізілуі, мемлекеттік сатып алуға қатысуды негізсіз қабылдамау бөлігінде ұйымдастырушылармен қатар әлеуетті өнім берушілер тарапынан жол берілетін бұзушылықтардың туындауы тәуекелін неғұрлым азайта түседі.

Сонымен, ұйымдастырушылар әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарау және алдын ала рұқсат беру хаттамаларын қалыптастыру кезінде  әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және оның  себептері туралы ақпаратты көрсетеді. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілерге  үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін сәйкестікке келтіру құқығы беріледі.

Бұдан басқа, бұл жаңалық ұйымдастырушылардың өтінімдерді негізсіз қабылдамау бойынша заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу бөлігінде  тәуекелді азайтып қана қоймай, сонымен қатар барлық қатысушыларға мемлекеттік сатып алуда баға ұсыныстарын сұрату кезеңінде қатысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік аудит  және қаржылық бақылау органдары  ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Мәлімет үшін. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өкілеттілігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет;

2) мемлекеттік аудит – бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру;

3) камералдық бақылау – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар", № 1 - 2016



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях