Электр сымдарының ағымдағы жөндеуіне қойылатын талап

53
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Электр сымдарының ағымдағы жөндеуіне қойылатын талап

 2016 жылы тексеруші органдар ағымдағы жөндеу жұмысына конкурс жариялаған кезде ұйымдастырушылардың ІІІ санатты лицензияның болу талабын  (өткен жылы мұндай шарт болмаған) белгілеген фактісіне назар аударды. Бұл талап Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының (МСҚБ) кеңесінен кейін пайда болды.

Важно. МСҚБ-ның ресми жауабында  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 1-қосымшасына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары лицензиясының құрамына күрделі жөндеуді және қайта жаңартуды қамтитын жұмыстар кіретіні көрсетілген. Бұл ретте ағымдағы жөндеуге лицензия берілмейді.

Лицензияда өнім берушінің инженерлік желілер мен жүйелер құрылғысында жұмыс істеуге құқығы бар екені көрсетілген, ол құрылғыларға электрмен жабдықтау желілерінің күрделі жөндеуі мен қайта жаңартуы кіреді, оның ішінде: 4) электрмен жабдықтау желілері және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысы, электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың ішкі жүйелерінің құрылғылары да қамтылған.  

Бұл, демек, III санатты лицензиясы бар ұйым неғұрлым күрделі объектілерде жұмыс істеуге болады деген сөз, ал ішкі электр сымдарының ағымдағы жөндеу жұмысын лицензиясыз да орындауға болады.   

К сведению. «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚН 1.04-26-2011 сәйкес, ғимараттардың, объектілердің ағымдағы жөндеу жұмысы – ғимараттар мен инженерлік құрал-жабдықтардың бөліктерін мезгілсіз тозудан алдын ала шаралар жүргізу және ұсақ зақымдары мен ақаулықтарын жою жолы арқылы жүйелі және уақытында қорғауға бағытталған техникалық шаралардың кешені. Ғимараттардың құрылымы мен инженерлік құрал-жабдықтар жүйесінің дұрыстығын (жұмысқа қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ пайдаланылған барлық көрсеткіштерді қолдау мақсатында жүргізіледі.  

Электротехникалық жұмыстар – ғимараттарға электр жабдықтарын орнату, ауыстыру және жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар.

Ағымдағы жөндеуге жататын жұмыстардың шамамен алғандағы тізбесі:

  • Баспалдақ алаңдарындағы, жертөлелердегі, шатырдағы және қызметтік үй-жайлардағы электрлік қондырғыларды (ажыратқыштар, патрондар, розеткалар және т.б.) ауыстыру.
  • Пәтерлерге жүргізгенге дейін сымдар (10 %-ға дейінгі ұзындықта) мен  арматураларды ішінара ауыстыру.
  •  Иеліктегі үйлердің сыртқы электр сымдарына және зақым келген жерлерді жоя отырып, коммуналдық пәтерлердің ортақ пайдалану орындарындағы сымдарға кішігірім жөндеу жүргізу.
  • Жарықтың болмауын тудыратын себептерді жою; топтық айырғы қалқандар мен қораптарға кішігірім жөндеу жүргізу.
  • Сыртқы әуе электр сымдарына кішігірім жөндеу жүргізу.
  • Изоляторларды ауыстыру.
  • Енгізу-айыру құрылғыларының сақтандырғыштарын, автоматты ажыратқыштарын, пакеттік ауыстырып-қосқышты алмастыру.

Яғни ағымдағы жөндеуқолда бар электр сымдарын толық емес, ішінара ауыстыру. Толық ауыстырубұл күрделі жөндеу.

Комментарий. Егер ағымдағы жөндеуге сатып алуды өткізу кезінде ұйымдастырушы III санатты лицензияның болуы жөніндегі талаптарды көрсетсе, онда камералдық бақылау бұндай талаптар бойынша әлеуметтік өнім берушілерге мұндай лицензияны иемденуге қатысты талаптарды асырып көрсету бойынша ескерту жасайды  және ұйымдастырушының бұзушылығын жою үшін шарт жасауды тоқтатады.

Важно. Егер барлық сымдарды ауыстыру қажет болса, онда ұйымдастырушы күрделі жөндеу ретінде ЖСҚ әзірлей отырып сатып алуды өткізу керек.  

Егер ұйымдастырушы камералдық бақылау белгілеген мерзімде бұл конкурсты болдырмаса, оның ешқандай салдары болмақ емес.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях