Уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу Қағидалары бекітілді

64
Уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу Қағидалары бекітілді
Жеке тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылдың 17 маусымынан бастап әрекетке енді.

Бұл Қағидалар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілді, ол жеке тауарлар нарығы мен (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін анықтайды.  Кодекс Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді анықтайды, мемлекеттің және кәсіпкерлік субъектілерінің өзара әрекетіне, оның ішінде мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау әрекетіне  байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзала, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында, туындаған проблемаларды бәсекелестік жағдайы үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған кезде табиғи монополия жағдайында емес тауар нарықтарына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізіледі. Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеу бір жылдың ішінде күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайтын мерзімге енгізіледі.   

Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеу Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тапсырмаларының негізінде, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері негізінде монополияға қарсы органның өз бастамасы бойынша монополияға қарсы органның шешімімен енгізіледі.

Монополияға қарсы органның тиісті шешімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсететін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізудің міндетті шарты болып табылады.
 

Уақытша мемлекеттік баға реттеудің мерзімі күнтізбелік күнмен саналады. Уақытша мемлекеттік баға реттеудің мерзімі:

– жекелеген тауар нарықтарында – монополияға қарсы орган шешімінің басқа мерзім көзделмесе ресми түрде жарияланған күні;

– жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті  шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын монополияға қарсы орган ведомствосының шекті бағаны белгілеу туралы шешімі қабылданған күні басталады.    

Уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы монополияға қарсы органның шешімімен:

– жекелеген тауар нарықтарында:

1) тауар нарығына (тауардың атауы, тауар нарығының географиялық шекаралары);

2) белгілі бір тауар нарығында нарық субъектілері өндіретін (өткізетін) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шекті бағасы;

3) уақытша мемлекеттік баға реттеу қолданысының мерзімі белгіленеді;

– нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:

1) уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін нарық субъектілері, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері;

2) тауарларға, жұмыстарға көрсетілетін қызметтердің шекті бағасын қою үшін ұсынылатын құжаттар мерзімі;

3) уақытша мемлекеттік баға реттеудің әрекет ету мерзімі белгіленеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях