Жосықсыз өнім берушілерді тізілімге енгізу рәсімі өзгертілді. Екінші жеңімпаздың жауапкершілігі

29
Жосықсыз өнім берушілерді тізілімге енгізу рәсімі өзгертілді. Екінші жеңімпаздың жауапкершілігі
Дәйексіз ақпарат берген не ҚР заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген өнім берушілер туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);

3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

5-тармақ. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. 

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

6-тармақ. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алып тасталады.

7-тармақ. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауына болады.

8-тармақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлемақы алынбастан, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.

10-тармақ. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 2), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.

Маманның түсіндірмесі: Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңда ең біріншіден «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 12-б. 4-тармағының 1) тармақшасы нақтыланған. Енді аталған тізілімге тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілер енгізіле алады.

Егер бұрындары, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР күшін жойған заңында біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген, не Заңның 6-бабының талаптарын бұзуға жол берген әлеуетті өнім берушілер туралы айтылса, жаңа заңнамада шарттар жасалған және оларды орындау процесінде өнім берушілер тарапынан заңнаманы бұзушылықтардың болуы анықталған жосықсыз өнім берушілер жөнінде айтылып отыр.

Осы тармаққа сәйкес тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Осы норма  өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілерге де қолданылады.

Сонымен қатар, тапсырыс берушінің жоғарыда аталған негіздер бойынша сотқа жүгінбегені немесе уақтылы жүгінбегені үшін сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР кодексіне сәйкес өзгертулер енгізілді (Нұсқаулықтар мен заңдарды қарау).

Ал «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 12-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына тоқталатын болсақ, енді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер) енгізіледі. Бұл ретте, аталған жағдайда мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінің  уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылатыны аталып өтті. Яғни осы жағдайда тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару негіздемесі бойынша әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа шағым түсіруінің қажеттілігі жоқ. 

Сонымен бірге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 12-бабының 4-тармағының 2) тармақшасымен жаңалық ретінде екінші орын алған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі қарастырылған. Және де бұл ақылға қонымды. Себебі «Мемлекеттік сатып ару туралы» ҚР жаңа Заңының 4-бабына мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі туралы 6-тармақ енгізілді және қарастырылды. Бұл екінші орын алған мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың ҚР мемлекеттік сатып алуға қатысқанда адал болуы және сәйкес жауапкершілікке ие  болуы тиіс.

Бұл ретте, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган шешімінің негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің осы шешімге сот тәртібімен не «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңнаманың талаптарына сәйкес     шағым жасауға мүмкіндігі бар (Нұсқаулықтар мен заңдарды қарау).

Нұсқаулықтар мен заңдар:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207-бабының 11-т.: «Мынадай:

  1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;
  2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді».

Источник : Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях