Мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылау (2-ші бөлім)

150
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Бақылау объектісіне камералдық бақылау қорытындыларына шағымдану құқығы берілген.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар міндетті түрде жойылуы тиіс пе?

Жоқ, міндетті емес. Бақылау объектісіне камералдық бақылау қорытындыларына шағымдану құқығы берілген.

Екі жағдайларда хабарлама орындалды деп танылады:
1) камералдық бақылау қорытындыларымен келіскен жағдайда;

2) камералдық бақылау қорытындыларымен келіспеген жағдайда.

Бірінші жағдайда бұзушылықтарды жою және ол туралы камералдық бақылауды жүргізген органға хабарлау қажет. Ақпарат Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес дайындалады.

Ақпаратта бақылау объектісі ҚР заңнамасын бұзушылық, мысалы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделмеген біліктілік талаптарын бұзушылық белгіленген уәкілетті органның хабарламасын қарай отырып, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтармен келісетіні, қазіргі кезде олардың конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу немесе жарияланған конкурстың күшін жою және көрсетілген ескертулерді ескере отырып, конкурсты қайта жариялау арқылы жойылғаны туралы айтылады.

Екінші жағдайда, егер бақылау объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол қарсылық жазуға және оны Комитетке жіберуге құқылы.

Бұл құқық «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚР Заңының 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген:

 «Мемлекеттік аудит объектісі басшысының мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге құқығы бар».

Бұндай қарсылық Қаржылық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып жіберіледі.

Қарсылық мәтіні Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес жасалады және хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеу үшін негіз болып табылатын жағдаяттардың сипаттамасын қамтиды.

Қарсылықты қарауды Комитет оны алған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және өзінің оң немесе теріс қорытындысын береді, яғни қарсылықпен келіседі немесе келіспейді.

Мақала қысқартылып жарияланды, толық жарияланымды «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналынан оқыңыздар

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» № 6-2016 журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях