Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қандай жағдайда өтпеді деп танылады?

20
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қандай жағдайда өтпеді деп танылады?
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Еске алынған Ереженің 154-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

Еске алынған Ереженің 154-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

  • егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
  • егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
    • егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.

Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қандай баға бойынша өткізуге құқылы?

Тапсырыс беруші сатып алуды кез келген өнім берушімен жүзеге асыруға құқылы, бірақ ол баға тек жылдық жоспарда тиісті қаржы жылына көзделген сомадан аспауы тиіс. Бұл талап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 5-бабы, 7-тармағымен көзделген, онда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайтыны көрсетілген.

3. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізген кезде тапсырыс беруші жол беретін негізгі қателіктер

Тапсырыс беруші сатып алуды қайтадан баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізбейді

Тапсырыс берушілер сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу туралы шешім қабылдауда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 32-бабы, 4) тармақшасының талаптарын сақтамайды, ол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізуді көздейді.

Маңызды. Еске алынған Заңның 31-бабы, 5 және 7-тармақтарында былай делінеді: егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу кезінде жол беретін қателігі Заңның 31-бабы, 5 және 7-тармақтарымен көзделген талаптарды сақтамауы болып табылады, ол мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан өткізбеумен білдіріледі.

Тапсырыс берушінің заңмен көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуі

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Нормативтік қаулысының 7-тармағымен көрсетілген Заңның 8-бабы, 9-тармағына сәйкес 4-баптың 1-тармағымен (заң нормаларын қолданбастан), 30, 31-баптармен (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен), 32-баптың 4) тармақшасымен (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарт жасауға әкелмеудің нәтижесінде бір көзден алу) және 36-баппен (тауарлардың тауар биржасы арқылы өткізілуі) көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайтыны көзделген. Тапсырыс берушінің көрсетілген әлеуетті өнім берушілерге тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын, техникалық сипаттамасын растайтын қандай да бір құжаттарды, лицензияны ұсыну туралы талаптар қойған жағдайдағы іс-әрекеттерін сот негізсіз деп бағалайды және оларды сотқа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптар ұсынылған жағдайда өнім берушінің пайдасына түсіндіріледі. Мемлекеттік сатып алу ерекше және арнаулы тәртіптер қолдану арқылы конкурс тәсілімен өткізілетін жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің қандай да бір өзге біліктілік талаптарын белгілеуіне жол берілмейді (Заңның 41 және 42-баптары).

Көрсетілген Заңның 33-бабы, 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.

Тапсырыс берушінің шартты қазынашылықтың аумақтық органында өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен тіркеуі

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабы, 5-тармағына, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 156-тармағына, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу Қағидаларының 159-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесімен көзделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарттың 62-тармағында және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы Үлгі шарттың 79-тармағында шарттың оны тапсырыс беруші қазынашылықтың аумақтық органында тіркегенннен және өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін өз күшіне енетіні көрсетілген.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу кезінде жол беретін қателігі шартты қазынашылықтың аумақтық органында өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен тіркеуі болып табылады, осының салдарынан бұл шарт күшіне енбеген және жарамсыз болып табылады. Тапсырыс беруші шартты тіркеудің алдында жауапкердің шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу бойынша өз міндеттемелерін орындағандығына көз жеткізуі қажет.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях