Әлеуетті өнім берушіге сатып алуларға қатысуға берілетін шақыру

17
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 145-тармағына сәйкес жазбаша шақыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидаларының 88-тармағына сәйкес заңмен анықталған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді, сондай-ақ шақыруды электрондық құжат түрінде веб-порталда орналастырады.

 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 145-тармағына сәйкес жазбаша шақыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 33-бабы, 1-тармағымен көзделген мәліметтерді қамтуы тиіс, атап айтқанда:

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
  • ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері қамтылуға тиіс.
  • Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шақыруда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;
  • мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
  • тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;
  • тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;
  • төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
  • мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
  • бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;
  • бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
  • бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзінің сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.


Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях