Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі «күдікті дақтар»

18
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылы қабылданған. Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет қайта толықтырылды, алайда ол әлі де болса кемеліне жеткізілген жоқ.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылы қабылданған. Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет қайта толықтырылды, алайда ол әлі де болса кемеліне жеткізілген жоқ.

Қазір елімізде мемлекеттік сатып алудың бірнеше түрлері бар, олар: конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу, аукцион және тауар биржалары арқылы.

Жыл сайын мемлекет бюджетінен мемлекеттік сатып алуды өткізуге арналған орасан зор қаражаттар бөлінеді. Мысалға, өткен жылы бөлінген қаражаттың көлемі 1 триллионға теңгеге жуық соманы құрады.

Мемлекеттік сатып алудың көшбасшылары мыналар: Көлік және коммуникация министрлігі – жалпы сомасы 356 миллиард теңгеге және Білім және ғылым министрлігі – жалпы сомасы 90 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүргізді.

Қазіргі кездегі мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі қолданыстағы нормативтік құжаттамаларда, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асыру үшін көптеген амалдар жасауға жол беріледі. Соның салдарынан сотқа берілетін талап арыздар саны да көбеюде.

Сондай-ақ проблемалардың біріне, аталған заңнамаға сәйкес, талап арызға құжаттар топтамасы қоса тіркелуі тиістігі жатады, өйткені сотқа жүгіну кезінде дәлелдерді нақты сол тапсырыс беруші ұсынуы тиіс.

Бас тарту хаты – шарт жасасудан бас тарту және жалтару ретінде саналады және бұл тұлға мемлекеттік сатып алу сот тәртібімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуы мүмкін. Соның салдарынан жосықсыз қатысушы деп танылған адам ұзақ уақыттар бойы мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтын болады.

Сондықтан, мемлекеттік сатып алуға қатысар алдында өз мүмкіндіктеріңізді мұқият таразылап алыңыз. Өйткені өз міндеттемелеріңізді орындамаған жағдайда, өзіңіздің ақтығыңызды сотта қорғауға тура келеді және соттың бұндай істерді қарауы едәуір артады

Мысалға, тараптардың мәмілеге келу мүмкіндігі туралы сұрақтар қойылады, оған судьялар бұндай істерде бітімге келу мүмкін емес деп жауап береді, өйткені бұл арада мемлекеттік бюджет қаражаттары туралы іс жүргізіліп отыр.

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жүйесінің жетілдірілмегендігіне қатысты проблемалар қарастырылады.

Соттар мен барлық жосықсыз қатысушыларды белгілі бір тізілімге енгізуге міндетті органның келісімге келмегендері көзге көрініп тұр. Мысалға, сот шешімі бойынша жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуі тиіс болған қатысушы түсініксіз себептер бойынша онда енгізілмеген және мемлекеттік сатып алуға қайта қатысқан.

Айтпақшы, әкімдік шенеуніктері мен еліміздегі ең сыбайласқан салаға жататын мемлекеттік сатып алуға тікелей жауапты тұлғалар нағыз сыбайласқандар болып табылады.

Конкурсты ұйымдастырушыларға жеңімпаздарды айқындар алдында мемлекеттік сатып алу тізілімін мұқият қарауға, аталған өнім берушінің барлық тиісті ұйымдарда: әділет органында, салық органында, статистика органында өкілетті түрде тіркелгенін куәландыратын әлеуетті өнім берушінің лицензиялары мен мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктерін және банкте есепшотының бар екендігін тексеруге кеңес береміз.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях