ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша ҚБ инспекциясының 2014 жылғы 1 жарты жылдықтағы бақылау іс-шараларының қорытындысы

26
ҚР ҚМ ҚБК Алматы қаласы бойынша ҚБ инспекциясының 2014 жылғы 1 жарты жылдықтағы бақылау іс-шараларының қорытындысы
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен оларға ықпал ететін себептерді жою мақсатында есептік кезеңде бақылау объектілеріне кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдар мен ұсынымдар жіберілді.

Алматы қ.бойынша қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) 2014 жылғы бірінші жарты жылдықта 128 бақылау объектісін бақылаумен қамтыды.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының тапсырмасымен Инспекция мамандары 37 тұжырымдама берді.

Қабылданған шаралардың арқасында, 2014 жылғы І жарты жылдықта жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қалпына келтірілуге және бюджетке өндіруге жататын жалпы сома – 15 722 551,8 мың теңгенің 15 672 971,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және өндіріп алынды.

Бұдан басқа, қорытындыға әсер ететін 13 154 856,0 мың теңге болатын жалпы сомаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу жағдайлары анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтар мен оларға ықпал ететін себептерді жою мақсатында есептік кезеңде бақылау объектілеріне 118 ұйғарымдар мен мемлекеттік сатып алу қорытындысы күшін жойған  бес объекті бойынша кемшіліктерді жоюға ұсынымдар жіберілді. Бұзушылыққа жол бергендері үшін тексерілген бақылау объектілерінің 213 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 лауазымды тұлға лауазымдық орындарынан босатылды.

Инспекция есептік кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жалпы сомасы 5778,3 мың теңге болатын (оның 5259,7 мың теңгесі немесе 91,0 % бюджет кірісіне өндіріп алынды) 48 өндірістік іс қозғады.

Есептік кезеңде құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 417 990,5 мың теңге болатын 6 бақылау материалы берілді. Қазіргі кезде Инспекция берген екі материал бойынша қылмыстық істер қозғалды.

2014 жылғы І жарты жылдықта Инспекция қызметтің жариялылығын қамтамасыз ету бойынша 66 іс-шара өткізді, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында 24 жарияланым, 3 «дөңгелек үстел», бақылау органдарының, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерімен 39 жиын өткізді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях