Мемлекеттік сатып алу бойынша бақылау объектілері

17
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет.

Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет.

Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы жазбаша өтініш бергенде;

2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;

3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;

4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

ҚР Бюджет кодексінің 137-бабына сәйкес, мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері:

1) тәуелсіздік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;

2) объективтілік принципі – бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) анықтық принципі – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;

4) ашықтық принципі – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;

5) құзыреттілік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;

6) жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.

Осы принциптер сондай-ақ, Лима декларациясында да жан-жақты көрсетілген және мазмұндалған:

5-бап

– Жоғары бақылау органдары оларды тексеретін ұйымдардан тәуелсіз болғанда және бөгде ықпалдан қорғалған жағдайда ғана өздеріне жүктелген міндеттерді объективті әрі тиімді орындай алады. .

– Мемлекеттік органдар мемлекеттің бір бөлігі болғандықтан мүлде тәуелсіз бола алмайды. Жоғары бақылау органы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін функционалдық және ұйымдық тұрғыдан қажетінше тәуелсіз болуға тиіс. 
6-бап

- Жоғары бақылау органының тәуелсіздігі оның мүшелерінің тәуелсіздігімен тығыз байланысты. Жоғары бақылау органы үшін шешім қабылдайтын әрі, осы шешім үшін үшінші тараптың алдында жауапты адамдар мүшелер деп есептелінеді, яғни оларға басшылық жасайтын алқалы органдардың мүшелері немесе жеке-дара басқарылатын жоғары бақылау органдарының басшылары жатады. 

- Жоғары бақылау органының тексерушілері қызметі бойынша жоғарылау мәселесіне қатысты өздері тексеретін ұйымдардың ықпалына түсе алмайды және осындай ұйымдарға тәуелді бола алмайды.

10-бап

1. Жоғары бақылау органының қаржылық және материалдық ресурстарды басқаруға қатысты барлық құжаттармен танысуға және өзі қажет деп тапса, тексеріліп отырған ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде кез келген ақпаратты сұратуға құқығы болуға тиіс. 

14-бап.

1. Жоғары бақылау органының мүшелері мен қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін қажетті деңгейде білікті болуы тиіс әрі олардың адал болғаны шарт. 

2. Жоғары бақылау органына қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың теориялық дайындығына, жұмыс істеу қабілеттілігіне және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне баса назар аудару қажет. 

3. Жоғары бақылау органының барлық мүшелері мен қызметкерлерінің кейінгі теориялық және практикалық кәсіби дайындығына ішкі ведомстволық курстар мен семинарларда, сондай-ақ университеттерде және халықаралық деңгейде барынша назар аудару қажет және осындай қайта даярлауды мүмкіндігінше барлық қаржы және ұйымдастыру құралдарымен ынталандыру керек. 

4. Жоғары білікті кадрларды жұмысқа алуды қамтамасыз ету үшін, олардың жалақысының деңгейі оларға өздерінің қызметіне байланысты қойылатын арнайы талаптарға сәйкес болуға тиіс. 

5. Егер жоғары бақылау органы қызметкерлерінің жекелеген тексерулерді жүргізуге қажетті кәсіби білімі болмаған жағдайда, мұндай тексерулерге сырттан сарапшылар тартуға болады. 

16-бап.

1. Жоғары бақылау органына өзінің жүргізген тексерулерінің нәтижелері бойынша жасаған қорытындылары мен тұжырымдары жөніндегі өзінің баяндамасын жыл сайын парламентке немесе басқа құзыретті мемлекеттік органдарға тікелей жіберуге Конституциямен уәкілеттік берілген болуға тиіс. Аталған баяндама жариялануы қажет. Соның нәтижесінде жұртшылық кең көлемді ақпаратпен қамтамасыз етіліп, пікірталастар өрбиді, сөйтіп, жоғары бақылау органының тұжырымдары мен ұсыныстарын іске асыруға қолайлы жағдай туындайды. 

Маңызды. Осылайша, мемлекеттік бақылау принциптері – заң шығарушы басшылыққа алатын тұжырымдамалар ретінде құқықтық нормаларды жетілідірудің жолдарын айқындайтын, құқықтық реттеудің мазұны мен бағытын белгілейтін негізгі идеялар, жетекші ережелер. Олар қоғам дамуының негізгі заңдылығы және қызметі мен құқықтық жүйе арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Принциптердің арқасында, құқықтық жүйе адам мен қоғамның ең маңызды мүдделері мен қажеттілігіне қарай бейімделеді, онымен үйлесімділікте болады.

Маңызды. Бұл мақсат осы уақытқа дейін БҰҰ-мен және басқа да ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын конгресстер, семинарлар және өңірлік жұмыс топтарының кеңестерін өткізу, арнайы журнал шығару арқылы жүзеге асырылатын.

Осы қызметті мейлінше кеңейтіп, жандандыру қажет. Салыстырмалы заңнаманың негізінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың бір ізге түсірілген технологиясын дамыту айрықша маңызды. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях