Халықаралық-құқықтық нормалар мен қағидаттар ескерілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік бақылау

12
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіөз өз қарым-қатынастарын серіктесік пен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы жүзге асыратын көптеген сатушылары мен сатып алушылары бар нарықтың ғана емес, сонымен қатар бір жағынан – сансыз саушылары бар, екінші жағынан –– бір ғана сатып алушы атынан – мемлекет тұрған ерекше нарықтың болуын талап етеді.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіөз өз қарым-қатынастарын серіктесік пен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы жүзге асыратын көптеген сатушылары мен сатып алушылары бар нарықтың ғана емес, сонымен қатар бір жағынан – сансыз саушылары бар, екінші жағынан –– бір ғана сатып алушы атынан – мемлекет тұрған ерекше нарықтың болуын талап етеді.

Бұл нарықтың ерекшелігі мынадай негізгі сипаттамалардан тұрады:

  •  нарықтағы сатып алушы   ретінде мемлекет әрекет етеді;
  •  мемлекеттік сатып алу көбінесе конкурстық негізде немесе мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалардың негізгі талаптарына жауап беретін жеткізудің неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған өнім берушінің пайдасына таңдау жасауға мүмкіндік беретін тәсілдермен жүзеге асырылады;
  •  өнім беруші мен сатып алушылар арасындағы   сатып алулар бойынша қарым-қатынасы азаматтық заңнамалар мен мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік актілермен реттеледі.

Мемлекеттің тауарлырды, жұмыстарды жіне көрсетілетін қызметтерді сатып аулға бөлетін қаражаттардың үлкен көлеміне және осы салада орын алатын сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдеріне байланысты, аталған «ерекше» нарық қалт етпейтін назарда, сондықтан оны жаңарту мәселелері мен жолдары көпшілік пікірінің нысанасы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық проблемаларын шешу және оның деңгейін төмендету бойынша тиімді шараларды қабылдау үшін саяси жігер, рәсімдерді реттеу, бақылауды күшейту және өнім берушілер арасында бәсекелістікті дамыту, сондай-ақ неғұрлым байыпты тәсіл қажет.

Өз мақаламда мен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы, халықаралық-құқықтық директивалық актілер нормалары мен қағидаттарына жасалған талдауды ескере отырып, осы саладағы мемлекеттік бақылау проблемаларына тоқталғым келеді.

Сонымен, INTOSAI Жоғарғы қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымының ІХ Конгресі 1977 жылы қабылдаған Бақылаудың басқарушы қағидаттарының Лима декларациясына сәйкес, бақылауды ұйымдастыру қоғамдық қаржы ресурстарын басқарудың міндетті элементі болып табылады, себебі, мұндай басқару қоғам алдында жауапкершілік жүктейді.

Маңызды! «Бақылау – тек мақсат қана емес, ол – реттеу жүйесінің ажырамас бөлігі, бақылаудың мақсаты – қабылданған стандарттардан ауытқушылықтарды, материалдық ресурстарды жұмсаудың принциптерін, заңдылығын, тиімділігі мен үнемділігін бұзуға байланысты кемшіліктерді түзету үшін, ал кейбір жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту үшін, келтірілген залалға өтемақы алу үшін немесе болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алып, жолын кесу үшін оларды бас кезінде анықтау»

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген декларацияның 21-бабында мемлекеттік келісімшарттарға ерекше назар аударылады, атап айтқанда:

– 1-тармақ: «мемлекеттік органдардың келісімшарттарға және қоғамдық жұмыстарға жұмсап жатқан елеулі қаражаты осы қаражаттың пайдалануына тексерудің айрықша мұқият жүргізілуін ақтап отыр»;

– 2-тармақ: «мемлекеттік келісімшарттарды орындау үшін мердігерлікке өтінімдерді жариялы түрде қабылдау бағасы мен сапасы жағынан әлдеқайда тиімді ұсыныс алудың ең қолайлы тәсілі болып табылады. Егер де мердігерлікке арналған қоғамдық өтінімдер қабылданбаған болса, жоғары бақылау органы олардың не себепті қабылданбағанын анықтауы тиіс»;

– 3-тармақ: «Жоғары бақылау органы қоғамдық жұмыстарға тексеру жүргізген кезде осындай жұмыстарға басшылықты жүзеге асыруға арналған қолайлы стандарттарды белгілеуге жәрдемдесуі қажет».

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:

  • Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;
  • уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.

Мыналар:

1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;

2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;

3) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;

4) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях