Мемлекеттік сатып алу процесі

38
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу процесі: мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді; өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу процесі:

  •  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
  •  өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
  •  мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:

  • қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
  • көрсетілген Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
  • тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған қызметі мен орны;
  • жоғарыда айтылған Заңның 37-бабында (Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу) көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді кім және қашан қабылдайды?

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 11-тармағында көзделген екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.

Заңның 5-бабының 8-тармағында көрсетілгендей, Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi Заң нормаларын қолданбай сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттік сатып алуда алдын ала жасалатын шартты қолдануға бола ма?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 390-бабында алдын ала жасалатын шарт, оның мазмұны мен талаптары көзделген. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс.

Осылайша, алдыңғы – мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту сатысы орындалғанға дейін шартты жасасу мүмкін болмайды. Сондықтан, шартты алдын ала жасауға болмайды, өйткені оны жасау сәтіне қарай ондағы негізгі шарттың елеулі шарттарын, оның ішінде оның бағасын көрсету мүмкіндігі жоқ.

Маңызды. Тиісінше шартты алдын ала жасау (мүмкін саты ретінде) мемлекеттік сатып алу процесінде көзделмеген.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях