Қосымша қаржыландыру әлі бөлінбеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу

51
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген ТКЖ-ны мемлекеттік сатып алудың үлгі шартының 11-тармағында, мемлекеттік сатып алу туралы шарт, шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуі тиіс екендігі көрсетілген.

Егер қосымша қаржыландыру әлі бөлінбеген болса, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге бола ма?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді (4-қосымша) және жұмыстарды (5-қосымша) мемлекеттік сатып алудың үлгі шарттың 11-тармағында, мемлекеттік сатып алу туралы шарт, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуі тиіс екендігі көрсетілген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге, егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджеттік не өзге де заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде жол берілуі мүмкін екендігі көзделген.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана өзгерістер енгізу мүмкін болады.

Заңда белгіленген талаптар негізінде, мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларын қолданбастан жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұл жағдайда да жасалады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях