Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу

21
Биятова Жанар Рахметоллаевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, СКО
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2-тармағының негізінде өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қай кезде өзгерістер енгізуге болады?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2-тармағының негізінде өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

  • тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;
  • егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;
  • осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде;
  • егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге;
  • Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;
  • аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
  • мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейіннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;
  • тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
  • егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.

Маңызды. Заңның атап өтілген бабының 3-тармағында көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа көрсетілгендерден өзге негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.

Нормативтік қаулының 10-тармағында, Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес, егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасы ұлғайтылатыны қарастыралытыны көзделген.

Маңызды. Шартқа және жобалық-сметалық құжаттамаға аталған Заңда және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 654655-баптарында көзделген тәртіппен өзгерістер енгізу жөніндегі талаптарды сақтамау мердігерді тапсырыс берушіден ол орындаған қосымша жұмыстар үшін ақы талап ету құқығынан айырады.

Жоғарыда айтылған Заңның 39-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар, оның қолданылуы кезеңінде ғана енгізілуі мүмкін, өйткені Азаматтық кодекстің 386-бабына сәйкес, шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарт бойынша міндеттемелердің тоқтауына әкеп соғады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях