Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізу

48
Басқа шарттар сияқты мемлекеттік сатып алу туралы шартқа да өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізу және мемлекеттік сатып алуларда алдын ала жасалған шартты қолдану мүмкін бе?

Басқа шарттар сияқты мемлекеттік сатып алу туралы шартқа да өзгерістер енгізілуі мүмкін. Алайда оның айырмашылығы, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу кезінде бірқатар өзара байланысты талаптардың сақталуы міндетті екендігінде.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қай кезде өзгерістер енгізуге болады?

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабында көзделген.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге аталған баптың 1-тармағында көрсетілген мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:

  • тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;
  • шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;
  • шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.

Көрсетілген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жоғарыда көрсетілген баптың 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына жоғарыда көрсетілгендерден басқа өзге негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях