Қаржылық бақылау бәсеңдемейді

10
Мемлекеттік қаржылық бақылау – бұл тек бюджеттік процесті бақылау механизмі ғана емес, сонымен қатар оған мемлекет бөлетін қаражаттарды тиімді пайдалануды қаржылық бағалауға бағытталған экономика ахуалының мониторингі.

Мемлекеттік қаржылық бақылау – бұл тек бюджеттік процесті бақылау механизмі ғана емес, сонымен қатар оған мемлекет бөлетін қаражаттарды тиімді пайдалануды қаржылық бағалауға бағытталған экономика ахуалының мониторингі. Өкінішке орай, Есеп комитеті көбінесе мемлекеттік қаржылық бақылауда орын алатын заңнамадағы күрделі кемшіліктер мен олқылықтармен байланысты қаржылық заң бұзушылықтар санының жылдан жылға артып отырғанын алға тартады.

Маңызды. Сондықтан, мемлекет басшысы қойып отырған міндеттерді тиімді атқару үшін, әрине мемлекеттік қаржылық бақылау тетігін де жаңарту қажет. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің мемлекеттік аудитке ауысуы Есеп комитетінің өз қызметін озық халықаралық стандарттарға сәйкес неғұрлым тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында, ең озық әлемдік тәжірибенің негізінде елімізде Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы қабылданды, оның мақсаты қолданыстағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары мен мемлекеттік аудитті енгізудің тұжырымдамалық тәсілдерін белгілеу болып табылады. Мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімді жүйесі мемлекет басшысына, Парламентке, Үкіметке және жұртшылыққа, бөлінген бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтерінің заңдылық, үнемділік тиімділік қағидаттарына сәйкес пайдаланылғаны туралы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі туралы объективті және шынайы ақпараттар беруі тиіс.

Маңызды. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін, мемлекеттік аудиттің субъектілері мен объектілерінің түрлерін регламенттейтін заңнамалық базаны қалыптастыру; мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізудің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әдістемелік негізін дайындау; мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін мемлекеттік қаражаттар мен активтерді тиімді пайдалануды бақылау құралы ретінде жетілдіру; мемлекеттік аудит орнадарының теңгерілген құрылымын олардың құзыреттілігін нақты айырып көрсетуді және тиімді түрде өзара әректтесуін ескере отырып, қалыптастыру; халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру; мемлекеттік аудит жүйесінің кіріктірілген ақпараттық жүйесін құру; мемлекттік аудиторларды сертификаттау жүйесін енгізу көзделуде.

Тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік аудитті енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең 2013-2014 жылдарға, екінші кезең – 2015-2017 жылдарға есептелген. Бірінші кезеңді іске асыру Лима декларациясы мен халықаралық стандартардың қағидаттарына сәйкес келетін мемлекеттік аудиттің заңнамалық және әдіснамалық базасын құруды көздейді. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын ұйымдастырудың, олардың қызметтері мен құзыреттілігінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң жобасын әзірлеу көзделген. Бұл заңнамалық жобаның қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылаудан өтіп жатқанын айта кету керек. Айтылғандарды қорытындылай келе, «Қазақстан-2050» стратегиясын – қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін түбегейлі арттыруды – іске асырудың басты мақсатына тек мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттер кешенін сапалы және толыққанды шешу жағдайларында ғана қол жеткізуге болатынын атап өткім келеді. Қазақстан амбициялы жобаларды табысты түрде іске асыра алатынын қатарымен бірнеше рет дәлелдеді. Біздің республикамыздың соңғы екі он жылдық ішінде қол жеткізген табыстары оптимистік болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы кезеңде біздің әрқайсымыздың бұл ауқымды құжатты әбден зерделеуіміз және оны орындау бойынша нақты істерге кірісуіміз керек. Есеп комитеті өз тарапынан еліміздің жоғарғы қаржылық бақылау органы ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа кезеңі жағдайларында Қазақстан Республикасының табысты түрде дамуына барлық күш-жігерін жұмсайды



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях