Құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша қосымша келісім жасау

62
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, көбінесе шартта көзделмеген қосымша жұмыстардың қажеттілігі пайда болады және бұл жағдайда мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасауға мүмкіндік беретін заңнамалық норма керек.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, көбінесе шартта көзделмеген қосымша жұмыстардың қажеттілігі пайда болады және бұл жағдайда мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасауға мүмкіндік беретін заңнамалық норма керек. Екінші жағынан тапсырыс беруші мен өнім беруші қосымша жұмыстардың құнын олардың көлеміне сәйкес қалай белгілейтіні түсініксіз, және тапсырыс беруші тарапынан бұлар түсінікті теріс пайдаланушылыққа да, оның әрекеттерін бақылаушы немесе құқық қорғаушы органдардың субъективті бағалауына да әкеп соғуы мүмкін. Бұл ретте әңгіме құрылысты жүзеге асыру кезінде кез келген жағдайда шарттың бастапқы бағасына салынып жатқан объектінің көлеміне қарай 2, 3 және 10 % мөлшерінде қосылатын күтпеген шығындар туралы емес, нақ сол қосымша шығындар туралы сөз болып отырғанын айта кету керек (яғни, тапсырыс берушінің қосымша қалаулары туралы). Сондықтан, күтпеген шығындардың бөлігі тек қана мердігердің өз қаражаты есебінен өтелуге тиіс, ол туралы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартта тікелей көрсетілуі тиіс.

Көрсетілген талап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген, онда егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізе алады делінген.

Сонымен қатар Заңның 39-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге тараптардың келісімімен ғана жол беріледі. Сонымен біре, ҚР АК (жалпы бөлімі) 401-бабының 2-тармағында тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:

1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;

2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.

Осыған байланысты тағы да бір проблемаға, атап айтқанда аяқталған объектіні тапсырыс берушінің қабылдауына назар аудырғым келеді.

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68-бабының 13-тармағына сәйкес, құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс. Тапсырыс берушінің барлық міндеттері НҚА-да көрсетілген, атап айтқанда тапсырыс беруші жұмыс комиссиясын құруы жұмыс комиссиясының қандай да бір ескертпесіз қорытындысын аулы, мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуы тиіс. Алайда, дәл осы жағдайда тапсырыс беруші өз міндеттерін мердігерге жегеді, ал ол өз бетінше жұмыс комиссиясының қорытындысын және тиісінше Мемлекеттік комиссияның актісін келіседі, ал негізінде жұмыстардың сапасына және құрылыс салу кезіндегі сапалы материалдардың қолданылуына, ескертпелердің бар немесе жоқ екендігіне, көзге көрінбейтін жұмыстарды анықтау және т.б. мүдделі тұлға мемлекеттік орган – тапсырыс болушы болып қалуы керек.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген функцияларды тапсырыс беруші жариясыз түрде өнім берушіге тапсырады, мерзімдер бұзылып, уәкілетті тұлғалар қорытындылар мен актілерге және т.б. қол қоюы кезінде өнім беруші тарапынан көз бояушылық туындайды. Жұмыстарды сапасыз орындаудың орасан зор мысалдарын көптеп келтіруге болады. Барлық айтылғандар тапсырыс берушінің сауатты мамандарының болмауынан, олардың біліктілігінің жеткіліксіздігінен, жалпы алғанда тапсырыс берушінің құзыретті еместігінен орын алады. Осы себептерге байланысты мемлекет қаражатына салынатын барлық құрылыстарды тиісті әкімдіктерге немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға беруді ұсынамын.

Менің ойлауымша бұл құрылыс үдерісі кезінде пайда болатын тағы бір проблема.

Маңызды. Жеңімпаздарды іріктеудің негізгі өлшеміне ұсынылған баға жатады. Алайда конкурстар мен аукционды қолдану, мердігердің біліктілігі неғұрлым төмен болса, соғұрлым келісім-шарттың ең төмен бағасын ұсынуға дайын екендігін көрсетті. Бағаны төмендету, көбінесе арзан материалдар мен арзан жұмыс күшін (біліктілігі төмен) тарту есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушінің конкурсқа/аукциоға қатысушыны баға ұсынысын беруде қандай бір шектеуге мүмкіндігі болмайды. Іс жүзінде қатысушылардың негізделмеген төмен бағаны ұсынулары өте жиі кездеседі, бұл мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалмау тәуекелін немесе оның төмен сапада орындалуын туындатады.

Қазіргі қолданылып жүрген рәсімдер кезінде әлеуетті өнім берушілерді олардың жұмыс тәжірибесін, көрсетілген мерзімде құрылыстың қажетті көлемін орындау қабілеттілігін, біліктілік талаптары мен сапалық сипаттамаларды қанағаттандыруын бағалау жолымен бәсекелестік іріктеудің тиімділігі азайды деп санаймын.

Құрылыстағы мердігерлік жұмысты ұйымдастырудың, ең алдымен конкурстық рәсімдер саласындағы, үміткерлерді бағалау әдістемесі мен лайықты жеңімпазды анықтаудағы көптеген проблемаларының шешілмеуі, аталған саланы алдағы уақытта зерделеу шартын қажет етеді. Құрылысты мердігерлік жұмыстарды жүргізу кезінде, алдын ала біліктілігінің болуы, яғни өнім берушілерді алдын ала таңдау; бағалық және бағалық емес өлшемдердің есебін бөлек жүргізу; үміткерлердің қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарын қарау; сатып алуға қатысушылардың шарт бойынша міндеттемелерін орындауға қажетті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының бар болуымен тыңғылықты танысу; тапсырыс берушінің тәуекелдерін міндетті түрде сақтандыру сияқты талаптарды пайдалану қажет.

Сондай-ақ қызметкерлердің бюджетке, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына еңбекақылары бойынша тиісті аударымдарды тексеру арқылы өнім берушіні білікті мамандарының бар болуына қарай бағалау қажет деп ойлаймын. Көрсетілген деректерді салық органдарының растауы қажет.

Осылардың барлығы мемлекеттік қаражат есебінен құрылыс үдерісіне қатысушы құрылыс компанияларының жауапкершілігін арттырады және тұтастай алғанда осы саладағы ақша қаражаттарының мақсатсыз қолдану фактілерін қысқартуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың азаюын күшейтеді. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях