Тауар биржалары арқылы электрондық мемлекеттік сатып алу

46
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Тауар биржасы биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша саудалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

Және де электрондық мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудың соңғы, неғұрлым аз тараған тәсілі тауар биржалары арқылы сатып алу болып табылады. Бүгінгі күні әлеуетті өнім берушілердің басым бөлігінің сатып алудың бұл тәсілінен хабардарлығы аз болып отыр. Көпшілігі неден бастау керек екендігін, тауарларды тауар биржасы арқылы сатып алу кезінде қандай мүмкіндіктердің болатынын білмейді.

Заңның 36 бабы, 1-тармағына сәйкес тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы "Тауар биржалары туралы" Заңының 6-бабында көрсетілгендей, тауар биржасы акционерләк қоғам түрінде құрылған, саудаларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, тауар биржасының сауда жүйесін пайдаланумен оларды тікелей өткізумен айналысатын заңды тұлға болып табылады. Іс жүзінде тауар биржасы тұрақты жұмыс істейтін таза (нақты) бәсекенің көтерме нарығы болып табылады, онда белгілі бір ережелер бойынша сапалы біртекті және өзара алмастырылатын тауарларды сатып алу-сату мәмілелері жасалады.

Тауар биржасы биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша саудалар жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл ережелер әрбір тауар биржасы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген биржалық сауданың үлгі ережелерінің негізінде әзірленген биржалық сауда жүргізудің белгіленген тәртібін білдіреді. Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган берген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

Әлеуетті өнім берушіге тауар биржасында тек тауармен (нақты, өндірілген және беруге дайын) ғана емес, сондай-ақ фьючерстермен де сауда жасалатынын түсіну маңызды. Тауар биржасындағы әрбір фьючерстік келісімшарт (мәміле) бір уақытта бір тарап (сатып алуды ұйымдастырушы) үшін сатып алу, екінші тарап (әлеуетті өнім беруші) үшін сату болып табылады. Фьючерстік мәміле – бұл тауар биржасындағы шұғыл мерзімдік келісімшарттармен жасалатын, кепіл төленетін биржалық мәміле, бұл ретте саудаға қатысушылар өздеріне алдағы уақыттағы белгілі бір мерзімге биржа тауарының белгілі бір мөлшерін мәміле жасалған сәттегі баға бойынша беруге (қабылдауға) міндеттемелер қабылдайды.

Көпшілік жағдайларда тауар биржалары арқылы сатып алуларға қатысу фьючерстермен және міндеттемелермен сауда жасау мүмкіндігіне әкеледі, яғни қазір әлі де тіркелген бағасы жоқ тауарды сатып алып, одан кейін, осындай тауар пайда болған кезде оны сатып алуға дайын сатып алушыларға жоғары (неғұрлым тиімді) баға бойынша сату.

Тауар биржаларының сатып алудың барлық басқа тәсілдерінен негізгі ерекшеліктерін атап өте отырып, бірінші кезекте бұл сәтте тауар биржалары арқылы тек тауарлар сатып алуды ғана жүргізуге болатындығынан бастаған жөн. Бұл жерде, аукцион тәсілімен сатып алудағыдай, Қазақстан Республикасы «Тауар биржалары туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 қаулысымен биржалық тауарлар тізбесі мен тауар биржалары арқылы өткізілуге ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері бекітілген. Бұл әлеуетті өнім берушінің тауар биржалары арқылы тәсілімен электрондық сатып алуларға қатыса отырып, тауарды партиялардың белгіленген мөлшерінен аз темес мөлшерде, қатаң түрде бекітілген тізбе бойынша сата алатындығын білдіреді. Сондықтан тауар биржалары арқылы тәсілімен сатып алуларға қатысуға ниеттенген әлеуетті өнім беруші бәрінен бұрын, көрсетілген тізбемен танысуы және өз тауарының бұл тізбеге кіретін-кірмейтініне көзін жеткізгенннен кейін ғана, сатып алудың бұл тәсіліне қатысу мүмкіндігін бағалауға кірісуі тиіс.

Сатып алудың бұл тәсілінің барлық басқа тәсілдерден тағы да бір басты айырмашылығы тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үдерісінің (рәсімінің) өзі мемлекеттік сатып алудың веб-порталынан тыс өтетіндігі болып табылады. Біздің мемлекетте тауар биржалары көбінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға тауарларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталын айналып өтіп сату тәсілі ретінде қарастырылады. Алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі қаулысында көрсетілген тауарларды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар өте сирек сатып алады.

Сіздердің назарларыңызды мынаған ерекше аударамыз: Заңның 8-бабына сәйкес осы Заңның 2 және 3 тармақтарымен белгіленген біліктілік (жалпы және арнаулы) талаптарына сәйкестік туралы талаптар мемлекеттік сатып алуды тауар биржалары арқылы тәсілімен жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды. Бұл жайт әлеуетті өнім беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының арасындағы құжат айналысын елеулі азайтады және мәмілелерді өте қысқа мерзімдерде жасасуға септігін тигізеді.

Нақ тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу үдерісіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының "Тауар биржалары туралы" Заңының 13-1 бабына сәйкес олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген биржалық сауданың үлгі ережелерімен (бұдан әрі – Ережелер) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы "Тауар биржалары туралы" Заңының 13-1 бабы, 2-тармағымен, сондай-ақ Ережелердің 10-тарауымен тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алулардың биржа Ережелерімен белгіленген қосарлы қарсы аукцион режімінде жүзеге асырылатыны көзделген.

Қосарлы қарсы аукцион режіміндегі биржалық сауда (сатып алу) саудаға қатысушылардың биржаның сауда жүйесіне сатуға (сатып алуға) жасырын өтінімдер қоюы және қарсы өтінімдер арасындағы ең жақсы баға бойынша биржалық мәміле жасасу жолымен өткізіледі.

Қосарлы қарсы аукцион режіміндегі биржалық саудаларға қатысу саудаға қатысушылардың тауар биржасына алдын ала кепілді қамтамасыз етуді енгізген кезде ғана мүмкін болады, бұл саудаға қатысушылардың сауданың осы режіміндегі жасалған биржалық мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша саудаларға қатысу мен сауда жүйесіне сатуға (сатып алуға) өтінімдер қоюды тек уәкілетті брокерлердің/дилерлердің трейдерлері ғана орындай алады.

Трейдер – бұл биржалық саудаларға қатысушының қызметкері, ол тауар биржасының сауда жүйесінде биржалық саудаларға қатысушының атынан жасалған және тауарлық биржамен белгіленген тәртіппен тіркелген мәмілелер жасау бойынша әрекеттерді орындауға құқылы.

Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда белгілеген ережелер бойынша тауар биржасында өзара әрекеттесетін клиенттер, брокерлер мен дилерлер болып табылады. Ал енді брокерлердің, дилерлер мен клиенттердің кімдер екендігін жеке-жеке қарастырайық.

Биржалық брокер (брокер) – тауар биржасында акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған ұйымның лицензиясы негізінде әрекет ететін және биржалық тауармен клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделері үшін мәмілелер жасайтын заңды тұлға.

Биржалық дилер (дилер) — заңды тұлға, тауар биржасында акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған ұйым лицензиясының негізінде әрекет етеді, және биржалық тауар бойынша өз мүдделері мен өз есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша мәмілелер жасайды.

Клиент — бұл биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. Біздің нақты жағдайда әлеуетті өнім беруші клиент рөлінде әрекет етеді.

Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер ақылы болып табылады. Өз кезегінде әлеуетті өнім беруші брокерлер/дилерлер көрсететін қызметтер үшін ақы төлейді. Қазақстан Республикасы "Тауар биржалары туралы" Заңының 19-бабы, 2-тармағына сәйкес брокер мен дилердің, және олардың клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік және дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде туындайды.

Қазақстан Республикасы "Тауар биржалары туралы" Заңының 20-бабы, 1-тармағымен биржалық мәмілелер жасауды брокер клиенттің бұйрығына сәйкес, және клиенттің бұйрығына сәйкес, сондай-ақ өз мүдделері үшін және өз есебінен дилердің жүзеге асыратыны көзделген. Клиенттер бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

Тауар биржасында мемлекеттік сатып алулар тек қана электрондық биржалық сауданың көмегімен өткізіледі. Тауар биржасы мемлекеттік сатып алулар бойынша саудаларға қатысушы брокерлерге/дилерлерге электрондық құжат айналысы бойынша қызметтер көрсетуі және электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану мүмкіндігін ұсынуы тиіс.

Тауар биржасы мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде саудалардың кестесі түріндегі хабарландыруды тауар биржасының интернет-ресурсына (ресми сайтына) биржалық саудалар өткізілетін күнге дейінгі он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей орналастырады.

Биржалық саудалар биржалық саудаға қатысушылар қолданылатын сауда режимінің ерекшеліктері есепке алына отырып, тауар биржасы белгілеген форма бойынша биржа тауарын сатып алуға (сатуға) берген өтінімдер негізінде өткізіледі. Биржалық саудалар сауда күні ішінде өткізіледі. Сауда күнінің басталатын және аяқталатын уақытын тауар биржасы белгілейді.

 Биржаның сауда сессиясы ішінде биржалық тауар сатқысы келген әлеуетті өнім беруші тауар биржасына биржалық тауарды сатуға өтінім береді. Сондай-ақ тауар биржасы арқылы сатып алу тәсілінің артықшылығы мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда тауар биржасының мүшелері (брокерлер/дилерлер) клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдыққа ие екендігінен шыға отырып, мәміле жасайтындығында. Биржа саудаларын өткізудің ерекшеліктері Ереже қағидаларын есепке алады.

Электрондық мемлекеттік сатып алудың негізгі тәсілдерін және әлеуетті өнім берушілердің сатып алудың әрбір тәсіліне қатысу мүмкіндігін бағалауды қарастыру қорытындыларын шығара отырып, сіздердің назарларыңызды бір жәйтке аударғымыз келеді. Әлеуетті өнім берушіде техникалық мүмкіндік болмайды, яғни мемлекеттік сатып алудың веб-порталында толыққанды жұмыс істей алмайды және осыған сәйкес электрондық сатып алуларға электрондық-цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) қатыса алмайды. ЭЦҚ-ны алу электрондық сатып алуларға қатысуға ниеттенген әлеуетті өнім берушінің алғашқы қадамдарының бірі болып табылады. Сондықтан электрондық сатып алуларға қатысу мүмкіндігін бағалағаннан және өздеріңіз үшін неғұрлым лайықты тәсілді таңдап алғаннан кейін ХҚКО-ның ең таяу бөлімшесіне қарай аяңдаңыздар. Бұл жерде сіздерге ЭЦҚ алу үшін не істеу қажет екендігін түсіндіреді, немесе - http://pki.gov.kz сайтына кіріңіздер, ол жерде ЭЦҚ алу рәсімі жан-жақты баяндалған. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях