Өтінім берсең – шарт жасас

19
Мемлекеттік сатып алуға қатысушыны жосықсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудың көп тараған негіздерінің бірі – әлеуетті өнім берушілердің жалпы және арнайы талаптарға жататын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу – жыл басында жоспарланатын бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын механизм. Бюджетті өзгертуге өте маңызды негіздеме болуы тиіс. Сондықтан, өнім берушілердің барлық тәуекелдерді алдын ала болжағаны және егер міндет еңсеруге келмесе, сатып алуға қатысудан дер кезінде бас тартқаны дұрыс.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде өнім берушілер әдеттегі қателіктерге жиі жол береді. Әлеуетті өнім берушінің шарт жобасымен бірге веб-сайтта орналастырылатын техникалық ерекшеліктерге дұрыс зейін салмауы өте жиі кездеседі. Тек шарт жасасып болғаннан кейін ғана техникалық ерекшеліктерде көрсетілген талаптар  жағдайында жеткізу ол үшін мүмкін емес деген тұжырымға келеді.  Нәтижесінде өнім беруші шартты орындаудан бас тартады немесе оны бұзушылықтарға жол бере отырып орындайды. Бұндай жауапкерсіздіктің салдары өнім берушіні мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне жосықсыз қатысушы деп тануға себеп болады, бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алуға қатысуды 24 айға тоқтата тұруға әкеп соғады.  

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысушыны жосықсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудың  көп тараған негіздерінің бірі – әлеуетті өнім берушілердің жалпы және арнайы талаптарға жататын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады (Заңның  8-бабы). Анықталған сәйкес келмеушіліктерге, әдетте сатып алу талаптарымен танысу кезінде өнім беруші тарапынан зейін салмаушылық себеп болады.

Маңызды. Бұл ретте өнім берушілер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар өткізу кезіндегі жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келудің міндетті болмауына қатысты қателеседі. Олардың пікірінше, аталған жағдайда баға анықтаушы фактор болып табылады. Сонымен бірге, бағамен қоса тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің лицензияланатын түрлерін беретін өнім берушіні таңдау кезінде тапсырыс беруші оның лицензиясының бар немесе жоқ екендігін тексеруге, олар болмаған жағдайда аталған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы Заңның 10-бабында көзделгендей күнтізбелік 30 күн ішінде сотқа талап арызбен жүгінуге міндетті.

Көп жағдайларда тапсырыс берушілердің өнім берушілерді (әлеуетті өнім берушілерді) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаптары екі: шарт жасасудан жалтару және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамау немесе тиісінше орындамау негіздері бойынша қанағаттандырылады.

Маңызды. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың, әдетте олар шарт жасаудан бас тарту үшін өтінімді орналастыру кезіндегі техникалық қателіктерді, тауардың нарықта болмауын және т.б. дәлел ретінде келтіретін себептерінің іс жүзінде жоқ екендігін ескергені жөн. Өтінім бердің бе – шарт жасас, үшіншіге орын жоқ. Шартты орындау да шарт және техникалық ерекшелікке қатаң  сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс – бұл жеткізу сапасына да, оның құнына да және шартты орындау мерзімдеріне де қатысты. Шарт талаптарын өзгерту мүмкін  болатын  негіздердің тізбесі Заңның 39-бабының ережелерімен қатаң шектелген және одан әрі талқылауға жатпайды. 

Сатып алудың қомақты бөлігі баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырылады, оларды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жіберуге қатысты ережелерді міндетті тәртіпте сақтауы тиіс (Заңның 31-бабы).   Бұл ретте алдағы болатын соттың істі  қарауы кезінде  почталық хабарламалар немесе шарт жобасының жіберілгенін шын мәнінде  растайтын басқа да құжаттар бұндай жіберудің дәлелі болып табылатынын ескеру қажет. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушімен телефон арқылы сөйлесуге, оның өзінің келуіне сенім артпастан, заң талаптарын мүлтіксіз басшылыққа алуға тиіс. Дәл осылар шартты тиісті түрде орындамағаны үшін талап арыз беруге де қатысты. Тапсырыс берушілер көбінесе әлеуетті өнім берушілердің уәделеріне сенім артамын деп, шартты бұзған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды дер кезінде бермейді. Әдетте, осының нәтижесінде талап арыз беру мерзімі бүзылады және міндеттемелер орындалмай қалады.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Заңға өзгерістер енгізілді, олар мемлекеттік сатып алу рәсімін жақсартуға бағытталған. КО қатысушы елдердің өнім берушілерін отандық өнім берушілермен теңдей жағдайларда мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберу, өнім берушілерге өтінімдерді  үш күн ішінде конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығын беру болжануда.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях