Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға бірқатар жаңалықтар енгізуді ұсынуда.

13
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Әсет Исекешевтің сөзі бойынша, индустрияландырудың екінші бесжылдығы Үкіметтің жаңа құрылымдық саясатының шеңберінде өтетін болады, атап айтқанда, төрт негізгі сектор дамитын болады.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Әсет Исекешевтің сөзі бойынша, индустрияландырудың екінші бесжылдығы Үкіметтің жаңа құрылымдық саясатының шеңберінде өтетін болады, атап айтқанда, төрт негізгі сектор дамитын болады.

  • Бірінші топ – бұл шикізат секторлары, олар макроэкономикалық тұрақтылық пен өсудің қаржылық базасын қамтамасыз етулері тиіс.
  • Екіншісі – бұл өңдеуші өнеркәсіп, ол өсу сапасын қамтамасыз етеді.
  •  Үшіншісі – бұл инновациялық секторлар, болашақ экономика секторлары, олар болашақта бәсекеге қабілеттілікті береді.
  • Төртіншісі – бұл адамдар үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін және өнімділіктің өсуі және басқа үдерістердің өсуі нәтижесінде босайтын секторлар.

Бұл төрт сектордың бәрі біріге отырып, тұрақты өсу базасын жасайды.

Қазақстан Үкіметі 2015–2019 жылдарға арналған елді индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады және отандық тауар өндірушілерге белсендірек қолдау жасауға ниетті. Бұл тақырып Астанада, Үкімет отырысының қорытындылары бойынша өткізілген СЦК брифингінде талқыланды.

– Бағдарлама жобасын Үкімет мақұлдады және жуырдағы уақытта келісу үшін Мемлекет Басшысының әкімшілігіне жіберіледі. Үкімет бекіткеннен кейін іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары қабылданатын болады, – деп хабарлады республиканың индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Әсет Исекешев.

Мемлекеттік бағдарламаның басқа бір ерекшелігі салалық бағдарламалардың жойылуы болды. Бұл бесжылдықта бизнестің, атап айтқанда кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының неғұрлым белсенді қатысуын атап өтуге болады. Енді кластерлік тәсіл, бизнестің белсене қатысуы мен жеке инвестицияларды тарту қарастырылатын болады. Бұдан бөлек, екінші бесжылдықтың бағдарламасын үйлестіру үшін елде арнаулы орган құрылатын болады, оны Қазақстан Премьер-министрі басқаратын болады.

– Бұл барлық жұмысты үйлестіретін орган болады. Индикаторлар – тиімділіктің негізгі көрсеткіштері енгізілетін болады, олар айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық негізде қадағаланатын болады. Үйлестіру комиссиясы барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, әкімдіктердің жұмысын өте мұқият  талдайтын және қажетті шаралар қабылдайтын болады, – деп мәлімдеді Исекешев.

Өз кезегінде «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишимбаев 2015-2019 жылдарға арналған елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде отандық кәсіпкерлердің банк несиелерін ұлттық валютада ресімдей алатынын атап өтті.

– Дамыту банкісі мен оның несиелік қызметін дамытуды қолдау үшін Үкімет бесжылдық қызмет шеңберінде оны қаржылық демеуді, капитал мен әртүрлі сыртқы несиелерді ұсынуды қарастырады. Әртүрлі барлық макроэкономикалық факторлар мен ықпалдарды есепке ала отырып, біз несиелеу шеңберіндегі негізгі аспап ұзақмерзімдік теңгелік несиелеу болатыны туралы шешім қабылдадық. Бұл кәсіпкерлерге валюталық тәуекелдерге ұрынбауға мүмкіндік береді, олар жуырда бағамды түзетімдеу шеңберінде белгілі бір дәрежеде іске асырылды, және жұмысқа орнықтылық пен тұрақтылық беретін болады, – деп мәлімдеді Бишимбаев.

Бұл ретте несиелердің орташа мерзімі жетіден 10 жылға дейінгі мерзімді  құрайтыны атап өтілді.

Брифинг барысында ауылшаруашылық министрлігінің басшысы  Асылжан Мамытбеков Қазақстанның 2020 жылға қарай шетелдік азық-түлік өнімдерін импорттауды айтарлықтай қысқартуға ниетті екендігін мәлімдеді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес Қазақстанда сүт өнімдері импортының үлесі 31-ден 10 пайызға дейін, ет – 55-тен 10 пайызға дейін қысқаруы тиіс, шетелдік жеміс-көкөніс консервілерінің үлесі 20 пайызға, кондитерлік өнімдердің үлесі – 56-дан 44 пайызға дейін қысқарады, – деді Мамытбеков.

Маңызды Мемлекеттік сатып алулардағы енгізілетін жаңалықтарға келетін болсақ,  мұнда төрт бағытта жаңалықтар енгізу ұсынылмақшы. Олардың біреуі – бұл мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріндегі артық реттеушілікті жою. Тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүргізудің негізгі кезеңдерін реттейтін нормаларды қарастыру жоспарлануда. Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату қажет.

– Оның шеңберінде конкурстың жаңа тәсілі, оны екі кезеңге бөлуді енгізу ұсынылуда. Бірінші кезеңді кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы өткізетін болады. Ол біліктілік алдылық іріктеуді жүзеге асыратын болады, екінші кезеңде тапсырыс берушілер тауарлар түрі бойынша біліктілік алды іріктеуден өткен өнім берушілерді конкурстарға қатысуға шақыратын болады, – деді ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің пікірінше, бұл сыбайлас жемқорлықты төмендетуге және конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін қысқартуға көмектеседі. Бұған қоса, мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілін – eВay электрондық алаңына ұқсас электрондық дүкенді енгізу ұсынылуда.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях