Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

54
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру қажет.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 4-тармағының негізінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

1.       Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізбес бұрын, сіз бюджетті түзету туралы бюджеттік комиссияның шешімін шығаруға тиіссіздер. «Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу» 159 ерекшелігінен жоспарланған сатып алулардан бюджет бөлген сомадан асырмай, Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға рұқсат беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға сома бөлу, сатып алу сомасын (қандай да бір басқа қызметке деген қажеттілікті қайта жоспарлау арқылы түзету жүргізу қажет, кейбір қызметтерді сатып алудың немесе сатып алынатын қызметтің көлемін азайтудың қажет болмауы т. б. мүмкін) көрсету қажет.

2.       Осындай шешім шығарылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық шығарылады.

Бір бұйрықта мемлекеттік сатып алу жоспарына осы айда енгізілуі тиіс барлық өзгерістер мен толықтыруларды ескеру қажет болады.

3.    «Actualis» электрондық өнімін сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу жоспарында мыналарды көрсету қажет

1) жоспар тармағының типін – «Қаржылық жылдан аспайтын сатып алулар»;

2) сатып алу нысанының түрін – «Көрсетілетін қызмет»;

3) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің кодын (ТЖҚС-қа сәйкес) – 62.09.20.20.80.00.00;

4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауларын (ТЖҚС-қа сәйкес) – «Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға рұқсат беру бойынша көрсетілетін қызметтер»;

5) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасын (сипатын) (ТЖҚС-қа сәйкес) – деректер базасы (бұдан әрі – ДБ) – қол жетімділік жалпыға ортақ телекоммуникациялық желі – Интернет арқылы жүзеге асырылатын, құқықтың жекелеген салаларында егжей-тегжейлі ақпарат беруге арналған көп функциялы анықтамалық-сараптау жүйесі);

6) қосымша сипаттаманы – «Actualis» электрондық жүйесі;

7) сатып алу тәсілін – Заңның 39-бабы 3-тармағының 41) тармақшасына сәйкес «Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу».

4.     Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру қажет.

5.     Жоспарды веб-порталға жүктегеннен кейін («Веб порталда жұмыс істеу» нұсқаулығы) жоспардың тармағы бойынша өтінім құру. «Жұмыс кабинеті» қосымша бетіндегі «Менің шарттарым» алаңында шартты құру. Бұдан әрі «Нұсқаулықтар» – «Веб-проталда шарттармен жұмыс істеу нұсқаулығы» – «Шарт жасасу» қадамдары орындалады.

Шарт 12 айға жасалған кезде, шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2016 ж. дейін болғанына қарамастан, «Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға рұқсат беру бойынша көрсетілетін қызметтер» («Actualis» электрондық жүйесі), шарттың жасалу күнінен тәуелсіз түрде – 12 ай бойына ұсынылатын болады. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях