Аукционды өткізу мерзімдері және аукциондық құжаттаманың жобасы

38
Аукционды өткізу мерзімдері және аукциондық құжаттаманың жобасы
Камалиева Анеля Ескермесовна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтуы тиіс.

Ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға бекітеді.

Аукционды өткізу мерзімдеріне қатысты, ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталға орналастырады.

Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы аукциондық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.

Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

2) аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;

3) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

Аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, веб-порталда өзгертілген аукциондық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.

1) тармақшаға сәйкес аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасын алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтінін жариялайды.

Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтуы тиіс.

Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойылады.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.

Аукционға қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы аукциондық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтер алуға келісімін білдіру түрі болып табылады.

Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде алпыс күнтізбелік күн болуы тиіс және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукцион тәсілімен тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдауға құқылы:

1) ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін ҚР бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;

2) қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.

Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қағаз тасығышта банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін аукциондық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес беріледі.

Аукциондық құжаттамаға

6-қосымша

Банктік кепілдік

Банктің атауы ________________________________________________________

Банктің деректемелерi __________________________________________________

Кімге:

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

 _________________________________________________________________________

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелер

__________________________________________________________________________

№ __________________________________________________ кепілдік міндеттеме

_______________________________ «_____» ____________ ж.  (орналасқан жері)

Біз, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын_________________________________________

                                         (әлеуетті өнім берушінің атауы)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

            (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және______________________________________________________________

                                  (аукцион бойынша тауарлардың атауы)

тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. «____»________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

Осыған байланысты біз ________________________________________ осымен

                                   (банктің атауы)

 cіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған Өнім беруші:

 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;

 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;

 Сіздің талабыңыз бойынша

 Сізге____________________________________________________________________  

                             (сома санмен және жазбаша)

сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер cіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

Егер аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер ҚР заңнамасымен реттеледі.

Кепілгердің қолы мен мөрі         

Күні мен мекенжайы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях