Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау нәтижесін қабылдау

34
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау нәтижесін қабылдау
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Тапсырыс беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық жұмыстар (қызметтер көрсетілгеннен) аяқталғаннан кейін өнім беруші тиісті құжаттамада көзделген барлық жұмыстардың немесе қызметтердің орындалғаны және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдауды жүргізу қажеттілігі туралы тапсырыс берушіні жазбаша түрде хабардар етуі тиіс. Бұндай хаттарда өнім беруші әдетте тапсырыс берушіден өнім берушіге немесе объектіге белгілі бір күнде немесе уақыт кезеңінде тапсырыс берушінің өкілдерін, оларды қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуы үшін жіберуін сұрайды.

Тапсырыс беруші өзінің уәкілетті өкілдерін өнім берушіге жіберуі тиіс. Өкілдерге тапсырыс беруші ұйымының қандай да бір ішкі өкімімен уәкілеттілік беруге болады, бұл бұйрық немесе лауазымдары мен тегі көрсетілген, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға қатысу үшін тапсырыс берушінің өкілдерінің өнім берушіге жіберілгені туралы хабарлама-хат болуы мүмкін. Егер тапсырыс беруші мен өнім беруші әртүрлі елді мекенде орналасса, тапсырыс беруші өз өкілдерін өнім беруші немесе ол жұмыстарды орындайдын немесе қызметтер көрсететін объект орналасқан елді мекенге ісспарға жібереді.

Мемлекеттік тапсырыс, сонымен бірге жобалық-сметалық құжаттама бойынша орындалған кезде объектіні қабылдауға тапсырыс берушінің өкілдерімен қатар авторлық және техникалық қадағалау ұйымының өкілдері де қатысады. Бұндай жағдайларда өнім беруші тапсырыс берушіні жұмыстардың немесе қызметтердің аяқталғаны және оны қабылдау қажетті туралы алдын ала хабардар етуі тиіс. Тапсырыс беруші өз кезегінде бұл жөнінде авторлық және техникалық қадағалау ұйымын хабардар етуі және олардан өз өкілдерін қабылдау комиссиясына қатысуға жіберетіні туралы растаушы жауап алулары тиіс. Өнім беруші өз тарапынан қабылдау комиссиясының барлық мүшелерінің объектіге кіруіне рұқсатты қамтамасыз етеді, қажет болса, комиссияны елді мекенге жеткізуді (апаруды) ұйымдастырады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс нәтижесі – орындалған жұмыстарды (салынған объектіде) не көрсетілген қызметтерді қабылдау туралы жасалған акт. Аталған акт нысанын тапсырыс беруші өзі әзірлейді, әдетте мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымшалардың бірі акт нысаны болып табылады. Егер бастапқыда бекітілген акт нысаны болмаса, онда шарттың орындалу фактісі бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің өкілдері акт нысанын әзірлейді. Келісілген қабылдау актісінің нысанын өнім беруші толтырады және оған комиссия мүшелері жұмыстарды, қызметтерді қабылдау орнында қол қояды.

Шын мәнінде, қабылдау құжаттарына қол қою атап айтқанда мемлекеттік тапсырысты (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) орындаудың ақтық кезеңі болып табылады. Бұл өнім берушінің өз тарапынан мемлекеттік сатып алу шартында көзделген барлық талаптарды орныдағанын, тапсырыс берушінің өз кезегінде барлық жұмыстардың шарт талаптарына сәйкес орындалғанымен келіскенін білдіреді.

Қабылдау құжаттарына қол қойылғаннан кейін, өнім беруші тапсырыс берушіге бухгартелік төлем құжаттарын: орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі мен шот фактураны жазып беруі және ұсынуы тиіс.тапсырыс беруші оған берілген құжаттарды тексеруі және өнім берушіге шартта және құжаттарда бедгіленген соманы төлеуге тиіс. Орындалған мемлекеттік тапсырысты төлеуге арналған ақша қаражаттары шартты орындау фактісі бойынша тапсырыс берушіге тиісті мемлекеттік мекеме аударған жағдайда, тапсырыс беруші барлық (қабылдау, бухгарлтерлік т. б.) құжаттарды сол мекемеге тапсырады. Бұл тапсырыс беруші аталған мемлекеттік мекемеге ведомстволық бағынысты болып табылған кезде орын алады. Мемлекеттік кәсіпорындар, әдетте АҚ, түрлі мемлекеттік мекемелердің, министрліктердің, агенттіктер мен комитеттердің ведостволық бағыныстағы ұйымдары болып табылады және мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде уәкілетті ұйымның рөлін атқарады.

Қабылдау және бухгалтерлік құжаттардан басқа, техникалық еркешіліктің талаптары бойынша өнім берушіден тапсырыс берушіге орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы есеп беруді ресімделу және ұсыну жиі талап етіледі. Техникалық еркешелік талаптарында мерзімдік, мысалы, ай сайынғы есептер беру талабы көрсетілуі мүмкін, бұл әдетте орындалуы немесе көрсетілуі ұзақ мерзімді қажет ететін жұмыстар мен қызметтерге қолданылады. Егер мемлекеттік тапсырысты орындау мерзімі ұзақ болмаса, тапсырыс беруші бір ғана толық және түбегейлі есепті ұсыну туралы талаппен шектеледі. Есеп тапсырыс берушіге, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) уақыт кезеңдері бойынша орындалу барысы туралы егжей-тегжейлі біліп отыруы үшін қажет.

Аталған есептердің мазмұнына келетін болсақ, әдетте тапсырыс беруші оларды ресімдеуге қандай да бір нақты талаптар қоймайды. Сондықтан есепті тапсырыс берушілердің өздері «ойлап табуына» тура келеді.

Осындай есептерде қамтылуы тиіс негізгі тұстарды атап өтейік. Кез келген есепте, оның қандай мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалғаны, яғни мемлекеттік тапсырыстың атауы, кімнің тапсырыс беруші, кімнің өнім беруші болып табылатыны, сондай-ақ жұмыстардың орындалған (қызметтердің көрсетілген) уақыты (есептік кезең) көрсетілуі тиіс. Есепте, ең алдымен орындау үдерісінің өзі, өнім берушінің белгілі бір іс-әрекеттері, (оның қызметкерлері мен мамандары) нені қалай жасағаны және ең маңыздысы – соңғы нәтижені алуға бағытталған негізгі әрекеттердің бірізділігі сипатталуы тиіс. Яғни, өнім беруші негізгі сатыларды айқындайды және оларды: жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) кімдер тартылғанын, нелер жасалғанын, нақыт көлемдер мен нақты мерзімдерді таратып жазады.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт қандай да бір белгілі жұмыс жобасын (жобалық-сметалық құжаттама бойынша) іске асыруға тікелей байланысты болса, өнім беруші ол орындаған барлық жұмыстар немесе көрсетілген қызметтердің құжаттамаға сәйкес келетінін міндетті түрде атап өтуі қажет. Бұған қоса, есепте жұмыстың қолданыстағы белгілі бір нормативтік құқықтық актілердің талаптары ескеріле отырып жүргізілгенін және оларды санамалап көрсету артық болмайды.

Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау барысында тапсырыс берушінің техникалық жарақтандыру және қауіпсіздік бойынша қойған талаптарына сәйкес келуі тиіс қажетті техникалық және еңбек ресурстарын тартты делік. Егер тапсырыс беруші өз есебінде ол туралы ескерсе орынды болмақ. Бұдан басқа, егер құрылыс-монтаж жұмыстары орындалған болса, өнім беруші тиісті құжаттама (журналдар) жүргізуі, олардың көшірмелерін есепке қоса тіркеуі тиіс. Жалпы алғанда өнім беруші сілтеме жасайтын барлық құжаттар есепке тіркелгені дұрыс.

Осылармен бірге, соңғы кездерде тапсырыс берушілер есептермен қоса жаслған шарт талаптарының орындалғанын растайтын суреттеді (фотоматериалдарды) ұсыну туралы талаптарды да жазатын болған. Егер аталған талап шартта келісілген болса, өнім беруші оны міндетті түрде естен шығармағаны және мемлекеттік тапсырысты орындау аясынды өзінің әрбір қадамын суретке түсіріп отыруды ескергені жөн. Қандай жағдайда болса да, жұмыстың әрбір кезеңін суретке түсіріп алу қажет, бұған ең алдымен өнім берушінің өзі мүдделі, өйткені кез келген тексеру жүргізілген кезде, бұл өнім берушінің барлық қажетті жұмысты іс жүзінде істеп шыққанының ең негізгі және дәйекті дәделі болып табылады.

Қорытындылай келе, тапсырыс беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептелетінін тағы да бір естеріңізге сала кетуді жөн көрдік.

Мемлекеттік тапсырыстың тиісінше орыдалмауы жағымсыз салдарларға әкеліп соғады. Сонымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабының 24-тармағында өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады деп белгіленген. Өсімпұл мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

Әрине, бұл мақалада мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысушы тараптарда туындайтын барлық проблемалар көрсетіле қойған жоқ, дегенмен біз нақты қатысушылардың тәжірибесінде кездесетін мәселелерді және оларды шешуге арналған нақты іс-қимылдарды қарастыруға тырыстық.

Ендігі жерде сіздер мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың, атап айтқанда мемлекеттік тапсырысты орындау барысындағы белгілі бір проблемалары туралы түсінікке ие болдыңыздар және нақты жағдайларда не істеу керек екендігін біле алдыңыздар.

Дереккөз: Журналдың 2016 жылғы 4-ші нөмірінен оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях