Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау барысында көлемдерді өзгерту

25
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жүзеге асырылса, барлық жұмыстар аталған құжатқа қарай сәйкестікте орындалуы тиіс екендігін ескеру қажет.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жүзеге асырылса, барлық жұмыстар аталған құжатқа қатай сәйкестікте орындалуы тиіс екендігін ескеру қажет. Осылармен қатар, барлық жұмыстардың орындалуын тексеру бірінші кезекте сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылатын назарға алынуы тиіс. Көп жағдайларда орындалған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтердіқабылдау актілері сияқты құжаттардың түбегейлі нұқсалары атап айтқанда сметаға сәйкес жасалады

Бұл жағдайда, егер өнім беруші объектіні зерттегеннен кейін жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің көлемінде іс жүзінде айырмашылық бар екені белгілі болған жағдайда, тапсырыс берушінің алдына жобалық құжаттаманы түзету туралы мәселені неғұрлым ертерек қою қажет. Тиісінше бұл жағдайда өнім беруші жұмыстарды орындау кезінде орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінде айырмашылықтар анықталғаны туралы түсіндіре отырып, тапсырыс берушіге жазбаша түрде жүгінуі тиіс. Атап айтқанда не өгергенін: қандай жұмыстардың көлемі ұлғайғанын, қайсысының азайғанын егжей-тегжейлі жазып көрсету қажет.

Мысалы, бөлшектеу жұмыстары кезінде жұммыстарды орындау барысында бөлшектенуі тиіс құрылыс материалдарының саны жобада мәлімденген көлемнен аз екендігі анықталды делік. Тиісінше өнім беруші бөлшектенетін блоктардың, плиталардың т. б.нақты саны туралы акті жасауы тиіс. Егер өнім беруші бұл ретте тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаудың өкілдерін тартса тіпті жақсы болады. Нәтижесінде, нені алып тастау, нені қосу керектігін толық жаза отырып, өнім беруші тапсырыс берушіден аталған жұмыс түрлерін сметалық құн шегінде жүргізуге келісуді сұрайды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жобаны нақты іске асыру барысында смета құны арттырылған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгертулер енгізу мүмкін болмайды. Бұған тіпті уақыт та жетпейді және тапсырыс беруші өзіне бұндай жауапкершілікті алмайды да, оның үстіне өнім беруші барлық талаптарға келісіп қойған, сатып алудың жеңімпазы деп танылған және тапсырыс берушінің құжаттамасына сәйкес барлық жұмыстарды орындауға тиіс.

Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алуды өткізу кезеңінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге жүгінсе, тапсырыс беруші өзгерістер енгізу қажеттігі туралы шешім қабылдаса жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізуге тырысып көруге болады. Бірақ белгілі бір ақшалай сома сақталып және нақты бір мемлекеттік сатып алуға бөлініп қойғандықтан, тапсырыс беруші бұл соманы арттыра алмауы да мүмкін. Бұл кезеңде нақты не істеуге болады – кейбір жұмыс көлемін түзетіп, бөлінген және сметада көзделген сомаға сәйкестендіру қажет.

Өнім берушіден жұмыс көлемін өзгертуге келісім беру туралы хат алғаннан кейін, тапсырыс беруші аталған хатты өнім беруші көрсеткен өзгертулерді олармен келісу үшін авторлық және техникалық қадағалау ұйымына жібереді. Тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалаудан жауап алғаннан кейін, оны танысу үшін өнім берушіге жібереді.

Әдетте, өзгертулер сметалық құн шегінде жүргізілген жағдйда қадағалаушы ұйымдар өзгерістер енгізуге қарсы болмайды және қандай да бір жұмыс түрлерін жүргізуді түзетуге келісімдерін береді.

Барлық мүдделі ұйымдардан барлық қажетті келісімдер алу істің бір бөлігі ғана – басқасы, аталған түзетулерді сметалық құжатқа енгізуді ресімделу болып табылады. Өнім берушілердің барлығының шатында тиісті мамандар мен түзетілген сметаны жасауға арналған сәйкес бағдарлама болмауы мүмкін. Ең оңай жолы, бұндай жағдайда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген (авторлық, қадағалау) ұйымына жүгінген және олармен қажетті түзетулерді келіскен жөн. Бұл ретте жобалаушы ұйым өнім берушіге жай ғана көметкесуге ниет білдіре қоймайды, әдетте бұл қызмет үшін өнім беруші қосымша ақы төлейді.

Жобалық-сметалық құжаттаманы кез келген басқа әзірлеушідерге де жүгінуге және оларға сметаны түзеуді тапсыруға болады. Бұл жағдайда ең бастысы – өзгертілген сметамен сметалық құжаттаманы әзірлеумен айналысатын авторлық қадағалау маманы келіссе (қол қойса) болғаны. Әрине, бұның барлығы тапсырыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс, тәжірибе көрсеткендей сметаны түзету кезінде тапсырыс берушіден нақты көмек алу қиынға соғады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар, атап айтқанда: тапсырыс берушінің, авторлық және техникалық қадағалау ұйымының келісімі, сондай-ақ өзгертілген, түзетілген смета алынғаннан және ресімделгеннен кейін өнім беруші шарт міндеттемелерін орындауға сенімді түрде кірісе алады.

Кейде, шартта (техникалық ерекшелікте) көрсетілген деректердің жобалық-сметалық құжаттамада қамтылған ақпараттан басқаша болу тұстары кездеседі. Бұндай жағдайларда да тапсырыс берушіге жоба сметасына тиісті өзгертулер енгізуді келісу үшін тез арада тапсырыс берушіге жазбаша түрде жүгіну қажет. Бұл ретте кейбір жағдайларда жобалық-сметалық құжаттаманы ресімдеуге жылдаған уақыт қажет болады және қандай да жобаны іске асыру сәтіне дейін тапсырыс беруші қосымша зерделеулер жүргізуі және жұмыстар мен қызметтердің нақты көлемінің жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген мәннен аз не көп екенін анықтауы мүмкін. Нәтижесінде жаңартылған деректерді тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте жазып көрсетеді, ал жобалық-сметалық құжат өзгеріссіз қалады, өйткені оған өзгертулер енгізу машақатты және шығынды іс, сондықтан бұндай жағдайлар жиі туындайды.

Сонымен қатар, белгілі бір жұмыс түрі жобада жазылған, бірақ бұл ретте жобаның өзіндегі сметалық құнға кірмей қалған, сондықтан жоба талабы бойынша жұмыстар орындалуы тиіс, ал бұл жұмысты төлеу сметада көзделмеген болып шығатын жағдайлар орын алған кездер болған. Бұл жағдайда да тапсырыс берушіні бірден хабардар ету және жобалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізуді онымен келісу қажет. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі 

 «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях