Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы басталды

24
2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық ететін ел болды, сондай-ақ 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы жұмысына кірісті.

2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық ететін ел болды, сондай-ақ 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы жұмысына кірісті.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болғанына байланысты, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарды. Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей және Беларусь президенттері –Владимир Путин және Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстарының қорытындысы бойынша 2014 жылғы 29 мамырда Астанада өткен саммитте ЕАЭО туралы шартқа қол қойған болатын. Еуразиялық экономикалық одақ Ресейдің, Қазақстанның және Беларусьтің Кеден одағы негізінде құрылған. Олардан басқа, ЕАЭО-ға бүгінде Армения мен Қырғызстан кірді.

21 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте ЕЭК Алқасы қызметінің аясында: ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-байланыс технологиялары бойынша жаңа бағыттарды енгізу туралы шешім қабылданды. Шешім 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енді. Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай бағыт Алқаның тиісті мүшесін (министрді) енгізуге қатысты болады. Ол ақпараттандыру, ақпараттық-байланыс технологиялары және ақпараттық өзара әрекеттесу, сондай-ақ ішкі нарықтардың кедергісіз, шығарусыз және шектеусіз қызмет істеу мәселелері үшін жауап беретін болады. Әлемдік нарықтың қолайсыз конъюнктурасына және интеграциялық бірлесудің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермейтін өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, ЕАЭО-ның жақсы болашағы бар. Қазақстандық бизнес үшін мемлекетаралық кооперацияны жолға қоюға және экспортты ұлғайтуға арналған үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Сонымен бірге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұтастай алғанда ЕАЭО-ның қызметіне кері әсер ететін факторларды азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Маңызды. ЕАЭО – бұл экономика және сыртқы сауда аясында дамуы тиіс аса экономикалық бірлестік екендігі туралы Қазақстанның түбегейлі ұстанымы белгіленді. Қазақстанның мемлекет басшысы ЕАЭО-ға мүше елдердің нарығымен қатар, өңірлік ауқымда да отандық өндірушілерді қорғау және қолдау көрсету, олардың тауарлары мен көрсететін қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралардың әзірленуіне ерекше назар аударды. Талқылау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭО-ға қатысушы барлық мемлекеттердің кәсіпкерлері үшін тең және әділ бәсекені қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық елдердің санитариялық-эпидемиологиялық, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау шараларын сақтауы қажеттігін баса айтты. Мемлекет басшылары тәуекелдер мен ұлт қауіпсіздігіне төнген қауіптердің алдын алу үшін әлемде және аймақтарда болып жатқан үдерістердің мұқият мониторингі қажет екендігін атап өтті. Өткен отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті үкіметке бірқатар тапсырмалар берді, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктеді. Күн тәртібінің ауқымды бөлігі сыртқы контурға – халықаралық серіктестердің жұмысына арналды. Қабылданған құжаттарда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мүдделері көрсетілген. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) бойынша Қытай және Үндістан сияқты серіктестерді қоса алғанда едәуір ауқымды географияны қамтиды.

     

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алулар бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях