Мемлекеттік тапсырысты орындауға дайындық және қажетті құжаттаманы ресімдеу

20
Сонымен, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылды, егер керек болса – қазыналықта тіркелді, қажет болған жағдайда қамтамасыз ету енгізілді және шартты орындауға тікелей кірісу уақыты келді. Көп жағдайларда, әсіресе сатып алу нысаны жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер болып табылатын болса, шарт талаптарын орындау белгілі бір дайындықты қажет етеді.
  1. Сонымен, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылды, егер керек болса – қазыналықта тіркелді, қажет болған жағдайда қамтамасыз ету енгізілді және шартты орындауға тікелей кірісу уақыты келді. Көп жағдайларда, әсіресе сатып алу нысаны жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер болып табылатын болса, шарт талаптарын орындау белгілі бір дайындықты қажет етеді. Егер өнім беруші құрылыс жұмыстарын орындауға кірісер болса, ол ең алдымен алаңды дайындауы, онда қандай да бір құрал-жабдықтарды қалай орналастыруды ойластыруы, егер қажет болса – периметрі бойынша қоршауға алуы, жергілікті тұрғындарды жұмыстар жүргізілетіні туралы, объектінің жанында болудың қауіпті екендігі туралы ескертетін арнайы ақпараттық белгілерді ілуі, тиіс.

    Атап айтқанда, шартты орындау құжаттамасын дайындауға қатысты, техникалық ерекшеліктің шарттарына сәйкес немесе тапсырыс берушілердің өтініші бойынша өнім берушіден мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстарды орындаудың немесе қызметтер көрсетудің кестесін әзірлеу және оны тапсырыс берушімен келісу талап етіледі. Бұл жағдайда, өнім беруші кестені жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді жүргізуді бастар алдында әзірлеуі және жіберуі тиіс. Өнім берушіден жұмыстарды орындаудың немесе қызметтер көрсетудің кестесін әзірлеу талап етілгендіктен, тиісінше – жұмыстарды орындауға кіріспес бұрын аталған кестені тапсырыс берушімен келісу қажет. Бұл алдағы уақытта тапсырыс берушілердің өкілдері өнім беруші әзірлеген кесте бойынша жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету барысына бақылау жүргізу үшін қажет болады. Бұндай кестелерді тікелей ресімдеуге келетін болсақ, олар тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіне қатаң сәйкестікте жасалуы тиіс, егер жобалық-сметалық құжаттама көзделсе, кесте соның негізінде жасалады. Әдетте, өнім беруші кесте жасау кезінде оның негізіне, көбінесе сметадағы барлық негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды орындау мерзімдерін көрсете отырып, жобада жазылған ақпаратты алады.

    Сонымен қатар, өнім берушіге мемлекеттік сатып алу аясындағы өз әрекеттерін тапсырыс берушіден бөлек белгілі бір уәкілетті органмен келісуіне (рұқсат, растау алу) тура келеді. Жергілікті орындардағы уәкілетті органдар, түрлі департаменттер, басқармалар т. б., олар тапсырыс беруші немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етпеген жағдайларда, шешілуіне мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бағытталған мәселелер мен проблемаларға өздерінің қатысатындығын көрсеткілері келеді. Сатып алу ауқымы неғұрлым кең болған сайын, жергілікті орындардағы уәкілетті органдар соғұрлым көбірек белсенділік танытады.

    Мысал. Міндеттері мен функциялары жалпы республика бойынша экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын, нақты өңірдегі белгілі бір экологиялық проблеманы (тарихи ластануды жою) шешумен байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырды және өткізді. Ал жергілікті уәкілетті орган – Облыстық экология департаменті өнім берушіден тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт талаптарын орындау үдерісі кезіндегі белгілі бір әркеттерді олармен келісуді талап етеді. Бұндай талаптар үнемі негізделген немесе заңды бола бермейді, бірақ өнім беруші үшін уәкілетті органға қандай да бір ақпаратты ұсына, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау барысын бақылауға мүмкіндік бере отырып, олармен келіскен оңайырақ.

    Кейбір жағдайларда мемлекеттік тапсырысты орындау аясында жұмыстарды жүргізу немесе қызметтерді көрсету кезінде өнім берушінің қалайда бір жер телімдері мен ондағы ресурстарды пайдалануы, мысалға құнарлы жердің үстіңгі қабатын алуы және орнын ауыстыруы немесе аталған учаскедегі жер қойнауын қолдануы қажет болады.

    Назар аударыңыз. Бұл жағдайда өнім беруші ең алдымен, тапсырыс берушіде өнім берушінің шарт талаптарын орындау кезінде қандай да бір жер телімдерін пайдалануына құқық беретін барлық қажетті және тиісті түрде ресімделген құжаттардың бар болуына назар аударуы тиіс. Егер бұл заңнамада талап етілген және көзделген болса, тапсырыс беруші жұмыстарды жүргізуді, қызметтер көрсетуді не жер телімдері мен жер қойнауын пайдалануды уәкілетті органдардың жергілікті атқарушы органдарымен және оларға бағынысты мекемелерімен келісуі тиіс.

    Бұл мәселе атап айтқанда жерге қатысты ерекше өткір болып тұр, жер ресурстарын пайдалануға рұқсаттар құжаттама түрінде тиісті ресімделмегендіктен, көптеген өнім берушілерде проблемалар туындаған.

    Шарт талаптары бойынша жұмысқа кірісу қажет, ал тапсырыс берушіде қажетті құжаттар әлі ресімделмеген жағдайлар үнемі орын алады, бұл өз кезегінде өнім берушінің жұмыстарды орындауына немесе қызметтерді көрсетуіне кедергі келтіреді. Бұндай жағдай ең алдымен өнім берушіге қатысты болады – міндетті түрде барлығын құжат түрінде тіркеу, тапсырыс берушімен ресми хат алмасулар жүргізу қажет.

    Мысалы.  Мысалға, өнім беруші жобалық-сметалық құжаттама шарттары бойынша құрылыс объектісіне қосымша құнарлы топырақ әкелу қажет. Алайда, көрсетілген құжатта, не шарттың басқа талаптарында топырақты қайдан алу керектігі көзделмеген.

    Бұл мәселені шешу үшін, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп келіскен шешім талап етіледі, ал тапсырыс беруші өнім берушіге бұндай шешімді ұсынбаған. Бұндай жағдайда өнім беруші аталған мәселені шешу және растаушы құжаттарды ұсыну туралы өтініммен тапсырыс берушіге ресми түрде жазбаша жүгінуі тиіс. Осыдан кейін тапсырыс беруші жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тиісті жұмыстарды жүргізеді және өнім берушіге жобада көрсетілген құнарлы топырақтың қажетті көлемін қайдан алу керектігі туралы келісілген шешімді ұсынады.

    Маңызды! Өнім беруші мемлекеттік тапсырысты орындауға кіріспес бұрын, өзінің әрбір қадамының заңды екендігіне көз жеткізуі тиіс. Әсіресе жобалық-сметалық құжат болған жадайда мұқият болу қажет. 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях