Сатып алу қорытындысы конкурстық комиссия немесе тапсырыс беруші тарапынан айқын бұзушылықтармен шығарылатын жағдайлар

19
Сатып алу қорытындысы конкурстық комиссия немесе тапсырыс беруші тарапынан айқын бұзушылықтармен шығарылатын жағдайлар
Боган Анна Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тәжірибеде сатып алу қорытындысы конкурстық комиссия немесе тапсырыс беруші тарапынан айқын бұзушылықтармен шығарылатын жағдайлар жиі кездеседі, бірақ уәкілетті орган тарапынан шағымдарды қараудың ұзақ мерзіміне байланысты, заңсыз шарт жасасылған өнім берушілер, ол бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындап үлгеретін. Ал Заңның 18-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде, міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Негізгі теріс жағы: кейде қандай да бір немесе өзге себептерді білмегендіктен, әлеуетті өнім берушілер олардың құқығы бұзылды деп есептейді және тапсырыс беруші, ұйымдастырушы т .б. тарапынан іс жүзінде ешқандай бұзушылыққа жол берілмеген жағдайда да шағыммен жүгінеді.

Бұл жағдайларда шарт жасасу мерзімі жылжытылады, ал заңнамаға сәйкес бұндай себеп мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін ұзартуға негіз болып табылмайды. Осылайша, жеңімпаз деп танылған өнім берушілер міндеттемелердің дер кезінде орындалмау тәуекеліне ұшырауына және соның салдарынан оларды шарт міндеттемелерін тиісінше (дер кезінде) орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыздар бойынша сот дауларына тап болуына әкеледі.

Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады.

Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тиісінше, бұндай жүгінулерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III ҚР Заңында белгіленген жалпы ережелер мен мерзімдер қолданылады. Сонымен, жоғарыда көрсетілген Заңның 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңында белгіленеді.

Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымдарды қарауға арналған мерзім де жалпыға ортақ болып табылады. Тиісінше бұндай шағымдарды қарауға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының ережелерімен белгіленген жалпы қағидалар қолданылады.  Жоғарыда көрсетілген Заңның 8-бабына сәйкес

қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.

 Келесі жаңа енгізу – әлеуетті өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталының көмегімен уәкілетті органға шағымдану құқығы болып табылады.

Бұндай жаңалық мерзімдерді және әлеуетті өнім берушінің шағым беруге жұмсалатын қаржылық шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Шағымдарды беру және уәкілетті органның оларды қарау мерзімдері мен шағым беру тәсілдерін өзгертуден бөлек, жаңа Заңда шағым беру тәртібі мен шағымның мазмұнына қатысты ережелер қамтылған.

Жаңа Заңда мынадай мазмұндағы 48-бап қолданысқа енгізілген:

 «1. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты уәкілетті органға берілетін шағым мыналарды:

1) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның атауын, тұрған жерін;

2) шағым берген тұлғаның атауын, тұрған жерін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық солардың шеңберінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді;

4) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттерін (әрекетсіздігін), шешімдерін қамтуға тиіс.

Қажет болған кезде шағымға оның негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

2. Шағымға оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілі берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.

3. Егер:

1) шағым осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.

Біздің пікірімізше, жоғарыда көрсетілген баптың қағидалары «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының шағымның мазмұны мен оны беру бөлігіндегі ережелерін қайталайды және қандай да бір жаңа талаптарды немесе міндеттерді енгізбейді.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген Заңның 6-бабына сәйкес, жазбаша түрде берілетін өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ (қалауы бойынша) әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.

Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі. Бұдан басқа заңның 14-бабының 1) тармақшасына сәйкес, өтініш берген жеке не заңды тұлғаның: өз өтінішін растау үшін қосымша құжаттар мен материалдар беруге не оларды талап ету туралы сұрауға құқығы бар.

Осыған байланысты, Заңға 48-баптың толықтырулары шағымды беру тәртібі мен оның мазмұнына қандай да бір елеулі өзгерістер енгізбейді.

Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссиялардың т. б. әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ олар қабылдаған заңсыз құжаттарға сот арқылы шағымдану ҚР Азаматтық істер жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚР АІЖК) 29-тарауының тәртібімен жүзеге асырылады.

Құқықтары мен мүдделері бұзылған әлеуетті өнім беруші ҚР АІЖК 29-бабына сәйкес талап арызды құрылтай құжаттарына және (немесе) Бизне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның (тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының т. б.) орналасқан жері бойынша сотқа беруі тиіс. Бұдан басқа, ҚР АІЖК 27-бабына сәйкес азаматтық істер Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатады.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші (талап қоюшы) талап арызды жауапкердің орналасқан жері бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа беруі тиіс.

Әлеуетті өнім беруші оның құқықтары, бостандығы және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғандығы туралы өзіне белгілі болған кезден бастап үш ай ішінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

Арызға келесі құжаттарды:

жауапкерлер санын бойынша арыздың көшірмелерін;

мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты (соттардағы мемлекеттік баждың ставкасы ҚР Салық кодексінің 535-бабында белгіленген);

өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхатты немесе өзге де құжатты;

талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттарды, олар жауапкерде, үшінші тұлғаларда болмаған жағдайда, осы құжаттардың оларға арналған көшірмелерін қоса тіркеу қажет.

Электрондық құжат нысанында берілетін талап қою арызына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

Бұл ретте, төлемнің Электрондық үкімет төлем шлюзі арналары арқылы жүзеге асырылғанын куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат болып табылады.

Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне сотқа шағым жасау бөлігінде жаңа Заңда қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар қамтылмаған.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях