«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының негізгі өзгерістеріне шолу

21
2015 жылғы 4-желтоқсанда мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына (жаңа редакцияда) қол қойды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Заң мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында қабылданды.

2015 жылғы 4-желтоқсанда мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына (жаңа редакцияда) қол қойды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Заң мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында қабылданды.

2015 жылғы 11 желтоқсанда қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа ережелері бекітілді. Заңмен қатар жаңа Ережелер де 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа Заңға және жаңа Ережелерге сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталының жаңа платформасы іске қосылады.

Жүргізілген талдауды ескере отырып әзірленген Заңның негізгі ережелері.

Ø   Жоспарлау. Бұл кезеңде бюджетті көтеріңікі бағалармен жоспарлау проблемасы бар. Оны шешу үшін Заңда шарттарды жасасудың тек қана электрондық форматы көзделген. Бұл веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және сенімді ақпаратты қалыптастыруға және олардың («Бағалар модулі» деп аталатын) орташа сатып алу бағаларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Ø   Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудағы жаңалықтар. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының нормалары бойынша, берілуі (орындалуы, көрсетілуі) ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бірінші санаттағы рұқсаттарды – лицензияны алды ала алуды талап ететін болса, бұндай сатып алуларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мүмкін болмайды.

Ø   Әлеуетті өнім беруші бір баға ұсынысын берген кезде сатып алу веб-порталда автоматты түрде өтпеді деп танылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан аспауы тиіс.

Ø   Конкурстық құжаттаманы дайындау. Техникалық ерекшелікті дайындау кезеңінде де проблема орын алған, тапсырыс берушілер оны нақты өнім берушіге лайықтап «келтіреді». Аталған проблеманы шешу үшін Заңмен техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау институты енгізіледі.

Ø    Оңайлату. Рәсімдерді жеңілдету бойынша мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі – бұл біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс.

Ø   Өтінімдерді қарау. Өтінімдерді қарау кезінде өтінімдерді негізсіз қабылдамау проблемалары туындайды, бұл сатып алуды өтпеді деп тануға әкеп соғады. Өз кезегінде өтпей қалған сатып алулар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізуге негіз болып табылады.

Ø   Қорытындылар және шарттар жасасу. Қорытындылар шығару және шарттар жасасу кезеңінде тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау мүмкіндігі бар. Тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Ø   Жосықсыз қатысушыларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыладың тізіліміне енгізу тәртібі. Жеңімпаз деп танылған (екінші орынға ие болған әлеуетті өнім берушілер) және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілер көрсетілген тізімге сот шешімімен емес, уәкілетті органның шешімімен енгізіледі.

Ø   Шартты орындау. Шарттарды орындау кезінде өнім берушіге толықтай төлеу мерзімі белгіленген.

Ø   Ашықтық. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету аясында Заңмен мемлекеттік сатып алулардың 100 %-ы, мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын кейбір сатып алу түрлерін, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларының негізінде жүзеге асырылатын сатып алуларды қоспағанда, электрондық форматқа ауыстырылады.

Ø   Ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруы. Конкурсқа қатысушы деп танылған, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаған, не оны қайтарып алған қатысушыға  өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруды ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Ø    МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ МОИТОРИНГІ. Уәкілетті органның жыл сайын ҚР Президентінің әкімшілігіне және ҚР Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруі. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях