Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

17
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) және ҚР Үкіметінің 27.12.2007 ж. № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоспарды әзірлеу және бекіту талаптары көзделген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) және ҚР Үкіметінің 27.12.2007 ж. № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жоспарды әзірлеу және бекіту талаптары көзделген.

Мәлімет үшін! Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының нормаларын басшылыққа алу қажет.

Сонымен, Ереженің 7-тармағына сәйкес, көрсетілген Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.

Ал Ереженің 7-1-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.

Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;

Маңызды: «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес, үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар – лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.

2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;

Маңызды: «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес, лизинг мерзiмi – лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.

4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.

Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады, алайда Заңда мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамаларды қалыптастырудың айрықша ерекшелігі көзделген.

Атап айтқанда: Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес, Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:

1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.

Маңызды! Тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасуға келетін болсақ, бұл арада бірінші кезекте мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға қатысты Заңның 37-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жалпы ережелеріне назар аудару қажет.

Заңнан дәйексөз. «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес, лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.

Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс:

1) шарттың нысанасы;

2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;

4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;

Мәлімет үшін! Бұл ретте «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, лизинг төлемдерi – лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:

1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

2) лизинг бойынша сыйақы;

15-баптың негізінде:

5) лизинг нысанасының құны;

6) шарттың қолданылу мерзiмi;

7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;

8) лизинг нысанасының сипаттамасы.

Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.

Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Сондай-ақ тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 2-бабының ережелерін ескеру қажет. Аталған бапқа сәйкес, қаржы лизингi (бұдан әрi – лизинг) – лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:

1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;

2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;

3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады.

«Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 16-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, егер ҚР заңдарында немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.

Лизинг шарты тараптар өздерiнiң барлық мiндеттемелерiн орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өзiнiң күшiн жояды.

Лизинг шартын өзгерту және, немесе бұзуға келетін болсақ, аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының 24 тарауының ережелерінде немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа, оның ішінде лизинг шартына өзгерістер енгізудің негіздері Заңның 39-бабында көзделген. Бұндай қажеттілік туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушы – тауарларды лизингке мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт тараптары бірінші кезекте ҚР Азаматтық кодексінің талаптарын міндетті түрде ескере отырып, Заңның көрсетілген 39-бабының ережелерін басшылыққа алулары тиіс. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях