Мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша талап арыз беру

44
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Маңызды. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар, Нормативтік қаулының 2-тармағына және АІЖК-нің 31-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша талаптар жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылатынын білулері тиіс. АІЖК-нің 30-бабының 1-бөлігі бойынша, заңды тұлғаны, заңды тұлғаларды құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар тараптар болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша істерді мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды. Орындалу орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талаптардың, талап қоюшының таңдауы бойынша, АІЖК-нің 32-бабының 6-бөлігіне сәйкес, шарттың орындалатын жері бойынша да қойылады.

Маңызды. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар, Нормативтік қаулының 2-тармағына  және  АІЖК-нің 31-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша талаптар жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылатынын білулері тиіс. АІЖК-нің 30-бабының 1-бөлігі бойынша, заңды тұлғаны, заңды тұлғаларды құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар тараптар болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша істерді мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды. Орындалу орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талаптардың, талап қоюшының таңдауы бойынша, АІЖК-нің 32-бабының 6-бөлігіне сәйкес, шарттың орындалатын жері бойынша да қойылады.

Бұдан басқа, Заңның 21-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2-тармағына, 35-3-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім (баға ұсынысын) беру, мемлекеттік сатып алуда белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні аталған тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаптар талап қоюшының таңдауы бойынша шарттың орындалатын жері бойынша да қойылуы мүмкін. Бұл арада  мемлекеттік сатып алудың конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және аукцион сияқты тәсілдері туралы сөз болып отыр.

Маңызды. Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың, Заңның 10-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сай, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша теріс ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар, сондай-ақ Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші, Заңда көрсетілген мерзімдерде сотқа әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюға міндетті екендігін білулері маңызды.

Аталған жағдайда Заңда бұндай өнім берушіні немесе әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгіну үшін әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын шектеулі мерзімі белгіленген. Осы мерзімдер тыйым салынатын мерзімдер болып табылады, бұл мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

«Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа арыз беру» және  өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы сотқа арыз беру» сияқты ұғымдарды ажырата білу қажет.

Өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге қатысты даулы жағдайға жеке тоқталамыз. Сонымен, Нормативтік қаулының 4-тармағына  және  Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,  нақты  уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

Мәлімет үшін. Осыған байланысты, соттар АІЖК-нің 153-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтындықтан, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне қосу туралы арызды қабылдаудан бас тартқандары не оны басқа талаптармен бірге қарау кезінде АІЖК-нің 247-бабының 1) тармақшасының негізінде осы бөлікте іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым шығарғандары жөн.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях