Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтарын қорғау

24
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Әлеуетті өнім берушілерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардағы ( бұдан әрі – мемлекеттік сатып алуға қатысушылар) сияқты проблемалар жиі туындайды.

Әлеуетті өнім берушілерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардағы ( бұдан әрі – мемлекеттік сатып алуға қатысушылар) сияқты  проблемалар  жиі туындайды.

Бұл мақалада біз аталған проблеманың құқықтық аспектілеріне, атап айтқанда мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін  қорғау тәртібіне, тәсілдеріне толығырақ тоқталамыз, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасындағы жоғарыда аталған дауларды қараудың және шешудің ерекшеліктері туралы айтамыз.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі негізінен мынадай нормативтік құқықтық актілермен: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңымен (бұдан әрі – Заң), ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесімен (бұдан әрі – Ереже), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары)  реттеледі.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сот тәртібімен қорғау туралы жалпы ережелер

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін тікелей сотта қорғау тәртібі «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысында (бұдан әрі – Нормативтік қаулы) көрсетілген. Бұл Нормативтік қаулы ҚР соттарының  еліміздің бүкіл аумағында қолдануына жатады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін сот тәртібімен қорғау мәселесін қарау кезінде біз аталған нормативтік құжатқа егжей-тегжейлі тоқталамыз. Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында тараптар жол беретін заң бұзушылықтар және заң бұзғандарға санкцияларды қолдану немесе қолданбау туралы сөз болады. 

Ең алдымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың Нормативтік қаулының 1-тармағына және Заңның 2-бабының 1-тармағына сай, ҚР Конституциясына негізделетінін және ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК), Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратынын атап өткен жөн. Бұл ретте Нормативтік қаулыда, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулартуралы істерді қарау кезінде Заңның нормалары мен ережелері басымдылыққа ие екендігі белгіленген.

Нормативтік қаулының осы 1-тармағында соттар осы санаттағы істерді қарау кезінде арнайы заңды, яғни «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын, ал арнайы заңмен реттелмеген мәселелер бойынша – АК-нің, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алулары қажет екендігі көрсетілген.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың сот ісі аясында даулы жағдайларды шешу кезінде, соттардың өнім берушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде туындайтын дауларды қарау тәртібі АІЖК-нің 27-тарауының нормаларымен реттелетін талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралатын, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын даулардан ажырата білгендері жөн.

Нормативтік қаулының 1-тармағында мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдеріне байлангысты даулар екі түрлі тәсілмен қараластын белгіленген:

  1. өнім берушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде туындайтын даулар ерекше іс жүргізу  тәртібімен қаралады. Бұндай істер бойынша сот ісі (производство) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту іскері аясында өтеді.
  2. мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу рәсіміне байланысты даулар талап қою бойынша әдеттегі іс жүргізу тәртібімен жалпы негізде азаматтық-құқықтық сипаттағы басқа да даулармен тең қаралады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях