Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы

42
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы
Худайбергенова Наталья Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Жаңа порталда сатып алуды өткізу кезінде қатысушылар санын қарау функциясына қолжетімді.

Заңның 9-бабының 7-тармағына сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу тәсілін қолдану кезінде материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігіндегі біліктілік талаптарына, сондай-ақ төлем қабілеттілігінің болуын, салық берешегінің болмауын растатйын құжаттарды беру бойынша талаптарға тыйым салынады.

 Әлеуетті өнім бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы және әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

Жаңа порталда да сатып алуды өткізу кезінде қатысушылар санын қарау функциясына қолжетімді.

Мәлімет үшін! Осыған байланысты барлық тапсырыс берушілер/ұйымдастыру-шылар үлгі шарттарға қосымшалар енгізуі және хабарландыруды веб-порталда жарияламас бұрын өздерінің техникалық ерекшеліктер бойынша талаптарын дұрыс қалыптастырулары тиіс. Өнім берушілер техникалық ерекшелікпен және шарт талаптарымен танысу кезінде мұқият болғандары жөн.

Өйткені баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысын шығару жүргізіледі және ұйымдастырушыда өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бас тарту мүмкіндігі болмайды.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен (бірақ веб-портал асатын абғаны өткізбейді де);

2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды (веб-портал өнім берушіні автоматты түрде тексереді).

 Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.

Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
  Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.

Сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарда Заңның 38-бабы 7-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 41-тармағына сәйкес, баға ұсыныстарын беру рәсімдері өзгертілді: "егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс".

Яғни, сатып алуды қайта өткізу қажеттілігі жоқ, өйткені әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы баға ұсынысы бар.

Қағидалардың 361-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы шешімді Заңда және осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Қағидалардың 373-тармағына сәйкес, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде қағидалардың 375-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.

Сонымен қатар, егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады және барлық тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Осылайша, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу кезінде өте мұқият болған және қателерге жол бермеген жөн.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях