Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері

39
Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Медициналық көмек нысандары бойынша тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау механизмі.

Бұл мақалада Қазақстанда медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуды жоспарлаудың кейбір ерекшеліктері ашып көрсетіледі. Сондай-ақ, осы мақала шеңберінде біз көршілес серіктестеріміз – Ресей Федерациясының (медицина саласында мемлекеттік сатып алуды жоспарлау саласы) тәжірибесіне жүгінеміз.

Алдымен медицина саласындағы мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны жөнінде мысалдарды қарастырамыз.  

Заңның 4-бабы 1-тармағының 21-1), 21-2), 28) тармақшаларына сәйкес, медицина саласындағы мемлекеттік сатып алулар жоғарыда көрсетілген Заң нормалары қолданылмай, мынадай жағдайларда:

21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;

28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу жүзеге асырылады.

Осылайша, қалған барлық жағдайларда медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде Заң нормалары ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысымен бекітілген  Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің  (бұдан әрі – Дәрілік заттарды сатып алу ережесі) қағидалары ескеріле отырып  қолданылады.

Дәрілік заттарды сатып алу ережесін қолдану барысында тапсырыс берушімен қатар өнім берушіде де көптеген сұрақтар туындайды.

Мысалы, сұрақ:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін  медициналық техниканы сатып алу бөлігі бойынша мемлекеттік сатып алуды қай нормативтік құқықтық актінің негізінде өткізу және оны қалай түсіндіру қажет?

Жауап:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі  № 193-IV Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Заңның күші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін медициналық техниканы сатып алу бөлігінде қолданылмайды.

Алайда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасында, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алуды осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асыруға болатыны реттелген.

Сондай-ақ, Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес,  осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 11-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 38), 48), 53), 55), 64), 66) және 67) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайтынын ескеру қажет. Яғни, егер  мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын болса, олар Заңның аталған нормаларын қолдана алмайды және сатып алуды осы Заңның нормаларын қолданбай өткізе аламайды. 

Маңызды. ҚР заңнамаларының иерархиясы бойынша  Кодекс нормалары Заң нормаларынан жоғары.

Осылайша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін медициналық техниканы сатып алу бөлігі бойынша уәкілетті органнан ресми түсіндірулер алулары тиіс!

Сонымен қатар, медицина саласында мемлекеттік сатып алу мәселелерімен тығыз тұтасатын медициналық қызметтерге арналған шығындарды жоспарлау әдістемесі  бар. Сонымен төменде, біздің  мақаламыздың тақырыбы аясында қолданылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мәселелеріне тоқталамыз.

 ҚР денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме), 1-тарауының 1-тармағына сәйкес, Әдістеме тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілері үшін бірыңғай болып табылады және ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге мынадай медициналық көмек нысандары бойынша тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау механизмін айқындайды:

1) амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК):

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);

- консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастыратын көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық авиация.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях