Бірыңғай ұйымдастырушының электрондық сатып алуды ұйымдастыруының және жүргізуінің реті

10
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Бірыңғай ұйымдастырушының біртекті және/немесе біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі.

Электрондық сатып алу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті кезеңдерді орындауды:

1) бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекшелікті, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын конкурстық құжаттаманы бекітуі және оны веб-портал арқылы қалыптастыруын;

2) бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауын;

3) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды;

4) веб-порталға қатысушы – әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуын;

5) осы Қағидалардың 50, 51, 52, 53 және 54-тармақтарында көзделген жағдайларда, бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруін;

6) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеуді;

7) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялауды;

8) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді және шартты жеңілдіктер мөлшерін қарауын;

9) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты немесе әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауын көздейтініне назарларыңызды аударамыз.

Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау жариялау Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;

10) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

11) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдік мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында асырылады.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы рұқсат беру хаттамасын жариялау кезінде веб-порталда баға ұсыныстарын қабылдау басталатын нақты күні мен уақыты туралы ақпаратты орналастырады, бұл ретте баға ұсыныстарын қабылдаудың басталуы рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап бір тәуліктен ерте болмауға тиіс;

12) конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігі (үздік техникалық ерекшеліктер) болған кезде сарапшы немесе сараптау комиссиясының пікірін ескере отырып конкурстық комиссиямен анықтауды көздейді.

Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады.

13) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

14) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды анықтауды;

15) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялауды;

16) конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды көздейтініне назарларыңызды аударамыз.

 Көрсетілген тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.

Аталған тармақтың 12) тармақшасында көзделген іс-шара тауарлар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

Бірыңғай ұйымдастырушының біртекті және/немесе біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі

Атап айтқанда, біртекті не біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесінде белгілі бір нюанстардың бар екенін атап өту маңызды. Электрондық сатып алу қағидаларының 8-тармағынан келіп шығатыны, біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде бірыңғай ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және өткізе алады. Ал біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі. Сонымен қатар, біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.

Барлық айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алуға жаңа қатысушыны заң шығарушы мемлекеттік сатып алу процесіне, атап айтқанда біртектес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біпнеше сатып алушылар қатысатын бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету мақсатында енгізгенін тағы бір атап өткен жөн. Аталған мақсатқа қол жеткізіле ме – оны уақыт көрсетеді.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях