Бірыңғай ұйымдастырушының электрондық конкурс жүргізу ерекшеліктері ( 2-б.)

47
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Электрондық сатып алудың жаңа қағидаларында конкурс тәсілімен электрондық сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бірыңғай ұйымдастырушының жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсететін жекелеген параграфтар қамтылған.

Бұдан әрі бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесін электрондық конкурс мысалында қарастырамыз.

Электрондық сатып алудың жаңа қағидаларында конкурс тәсілімен электрондық сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бірыңғай ұйымдастырушының жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсететін жекелеген параграфтар қамтылған.

Заң шығарушы, сатып алуды ұйымдастырушының және бірыңғай ұйымдастырушының жүргізуі арасындағы айырмашылықтарды белгілі бір мөлшерде бөліп, атап айтқанда бірыңғай ұйымдастырушының осындай сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін ескере отырып, анық көрсеткен. Аталған кезеңдердің әрқайсысын қарастырамыз.

Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырмасы

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Электрондық сатып алу қағидалары) 6-тармағында, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қойған, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуға арналған өтінімін;

2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен техникалық ерекшелікті. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда, техникалық ерекшелік тиісті уәкілетті органмен келісілуі тиіс;

3) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен сараптау комиссиясы құрамын немесе сарапшыны айқындау туралы шешімді;

4) конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын, тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қамтитын тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асыратыны белгіленген.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях