Қазақстанда мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыру арқылы бұзушылықтарды ерте анықтау

39
Жаңа Заң көптеген тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің адалдығы мен болжамдылығына оң әсерін тигізді.

Қазіргі уақытта, мемлекеттік сатып алу жоспары 2,5 трлн теңгені немесе 9 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган қазіргі кезде шарт жасасудан жалтарған өнім берушілерді, олар жеңімпаз деп танылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыларының тізіліміне автоматты түрде енгізу бойынша нормаларды белсенді қолдануда. Бұл норма өнім берушілерді тәртіпке үйретуге және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жаппай жалтаруды болдырмауға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандарды міндетті сертификаттау, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау нысандарының орталықтандырылған сатып алу жүйесі туралы мәселе қаралуда. Бұл жөнінде Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе ұйымдастырған сатып алу жөніндегі форумы шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мәлімдеді. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандырумен қатар камералдық бақылау енгізілді: ол конкурстарды 100% қамтиды.

Егер біздің елімізде 2015 ж. 1 мыңнан астам конкурстар бақылауға алынған болса, 2016 ж. бұл көрсеткіш 60 мың конкурстарға дейін өсті. Сонымен қатар, сол кезеңмен салыстырғанда бұзушылықтар 49 есе көп анықталды.

«Мемлекеттік бақылау» айдарында біз камералдық бақылау артықшылықтарының бірі туралы айтамыз. Бұндай бақылау ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бақылау объектісіне бармастан жүзеге асырылады. Оның үстіне қашықтықтан бақылау 44,5 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, бұл өткен жылғы бақылаудан бірнеше есеге көп.

Қол жеткізу мүмкін болған ең басты жүйелік артықшылығы – бұзушылықтар ерте бастан анықталады.

Қаржы министрлігі сатып алу жүйесін кәсібилендіруді тұрақты дамыту стратегиясын әзірледі. Бұл білім мен машықтарды тестілеу арқылы тексеру жүйесі бар академиялық оқу бағдарламаларын дайындау, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандарды міндетті сертификаттау жүйесін енгізу. Озық тәжірибелерді зерттеу бойынша халықаралық институттармен тығыз жұмыс істеу, Электрондық коммерция орталығының онлайн-оқыту бағдарламаларын кеңейту. Барлық рәсімдер электрондық форматта жүзеге асырылатынын ескерер болсақ, туындайтын мәселелердің көбі техникалық тұрғыдан болып келеді. Және осыған байланысты Электрондық коммерция орталығының сатып алуға қатысушылардың барлығын оқыту бөлігіндегі рөлін күшейту жоспарлануда.

 Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, мемлекеттік сатып алу бойынша білікті мамандарды дайындау процесіне жоғары оқу орындары тартылады деп күтілуде.

Бүгінгі күні Қазақстанда республикалық, облыстық және аудандық деңгейде бірыңғай ұйымдастырушы бар. Бұл ұйымдар сатып алу қызметінде тәжірибесі бар білікті мамандардан ғана тұрады. Бірыңғай ұйымдар өз тиімділігін көрсетті, бірақ олардың қызметі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір тізбесімен шектеледі.

Сатып алу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби болмауының себептерін анықтау үшін тиісті талдау жүргізілді. Сатып алу ұйымдарының 19 мыңның 50 %-дан астамы – білім беру ұйымдары. Бұлар негізінен балабақшалар, мектептер, интернаттар, әкімшілік мемлекеттік мекемелер болып табылады.

Бұлардан кейін денсаулық сақтау объектілері, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер мен өзге де сатып алу ұйымдары. Білім беру ұйымдарының ең көп саны – орта мектептер және мектептерде сатып алу қызметін жүзеге асыратын жеке құрылымдық бөлімдер жоқ.

Осылайша, Қаржы министрлігінің салалық департаменті басшысының пікірінше, мұғалімдер мен дәрігерлер өздеріне тән емес функциялармен айналысады.

Біздің елімізде кәсіби сатып алушылар шоғырланған бірыңғай сатып алу ұйымдарының құқықтық негіздері бар екенін ескере отырып, Қаржы министрлігі білім беру және денсаулық сақтау саласындағы сатып алуды орталықтандыру мәселесін қарастыруды ұсынып отыр. Осылайша, аталған ұйымдарға арналған барлық сатып алуды тек бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы өткізе отырып, оларды өздеріне тән емес функциялардан босатуға болады, бұл кәсібилікті арттыруға және мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сәбит Ахметов сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды кәсібилендіру тақырыбы өте өзекті болып табылады, деп атап өтті. Қазіргі уақытта бізде міндетті сертификаттау жоқ, сондықтан халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы, Қаржы министрлігі сатып алушыларды міндетті сертификаттауды енгізу мүмкіндігін қарастыруды көздеп отыр. Сертификаттау нұсқаларының бірі қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін құзыретті мамандардың қатысуымен білім беру ұйымдарын аккредиттеуден тұрады.

Өз кезегінде, ол Қазақстанда өткізілетін мемлекеттік сатып алуға шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндігі туралы айта келе, осы сегментте ешқандай түбегейлі өзгерістер болған жоқ деп мәлімдеді.

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ниет білдірген шетелдік компаниялар, ҚР-да тіркелуі, электрондық цифрлық қолтаңбаны алуы және қазақстандық банкте шот ашуы тиіс. Алайда, кейбір халықаралық сарапшылар шетелдік компаниялардың Қазақстан аумағындағы мемлекеттік сатып алуға қатысуына белгілі бір кедергілер келтіріп отырған осы талаптар деп санайды. Қандай болған күннің өзінде де жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң қабылданғанға «дейін» де және «кейін» де шетелдік компаниялардың қатысу қарқыны іс жүзінде көп өзгерген жоқ десе де болады.

Сонымен қатар, жаңа Заң көптеген тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің адалдығы мен болжамдылығына оң әсерін тигізді.

Әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік тендердегі жеңістен кейінгі үш жұмыс күні ішінде шарт жасасудан жалтарғаны үшін жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізу талаптары оң әсерін тигізді және тәртіпке үйретті. Ендігі жерде олар өзіне алған міндеттемелерін орындайды немесе тәуекелдерді алдын ала есептеп, конкурстарға қатыспайтын болады. 

«Көбісі нарықтағы өзекті бағаны білместен, нарықтағы құнсызданудың қысымы мен тұрақсыздық ескерілген күрт өзгеретін бағаларды қояды, нәтижесінде олар жеңімпаздар болады, ал нарықта басқа баға пайда болады және тауар едәуір қымбатырақ болады. Бұл жағдайда, шығындарға бармас үшін, кейбір өнім берушілер шарттар жасаудан жалтара бастайды. Бұрын мұндай жалтарулар бойынша шартты орындамағаны сатып алушы ұйым өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі тиіс болған. Процесс жылдарға созылатын.

Біз қазіргі кезде тек электрондық форматтағы шарттармен жұмыс істейтінімізді ескерер болсақ, бізде барлығы: кімнің жеңімпаз болғаны және оған шарт қашан жіберілгені жариялы. Егер өнім беруші үш жұмыс күнi iшiнде шартқа қол қоймаса, төртінші күні ол қызметтердің жосықсыз өнім берушілерінің тізіліміне автоматты түрде енгізілетін болады.

Сондай-ақ халықаралық сарапшылар жаңа қазақстандық мемлекеттік сатып алу порталына жоғары баға берді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы барлық құжаттардың 100%-ы электрондық форматқа аударылған. Қаржы министрлігінде бұл өте жоғары көрсеткіш деген тұжырым жасалды, тіпті дамыған еуропалық елдердің өзінде электрондық сатып алу деңгейі көбінесе 10 %-дан аспайды екен.

Дереккөз: "Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар" журналы, № 8, 2016



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Опрос

Нравится ли вам наш новый сайт?

  • Да 100%
  • Нет 0%
  • Не знакомы со старым сайтом 0%
Другие опросы

Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях